https://sputnik.kz/20230328/zhanaozen-khimiyalyq-reagentter-rezervuarlar-33351841.html
Жарылу қаупі төнген: Жаңаөзенде химиялық реагенттер өртенді
Жарылу қаупі төнген: Жаңаөзенде химиялық реагенттер өртенді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Жаңаөзен қаласында мұнай-сервис компаниясының аумағында бір тонналық пластикалық резервуарларда сақталған химиялық реагенттер... 28.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-28T16:44+0500
2023-03-28T16:44+0500
2023-03-28T16:48+0500
оқиға
жаңаөзен
өрт
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1c/33351530_0:0:1279:719_1920x0_80_0_0_bdc102f3152713d716ee9a2e2299b96c.jpg
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Жаңаөзен қаласында мұнай-сервис компаниясының аумағында бір тонналық пластикалық резервуарларда сақталған химиялық реагенттер өртенді.Маңғыстау облысы ТЖД ақпаратынша, төтенше жағдай 27 наурызда кешкі жетілер шамасында болды.Ұңғымаларды күрделі жөндеу бойынша қызмет көрсететін мұнай-сервис компаниясының аумағында бір тонналық пластикалық 11 резервуардағы химиялық реагенттер жанған. Өрттен ауыр жүк көлігіне (трал) зақым келді.Жалын жалпы ауданы 120 шаршы метрді шарпыған. Зардап шеккендер жоқ.Ведомство хабарлағандай, өрт салдарынан газ тәрізді қауіпті жану өнімдерінің жарылуы және үлкен аумаққа таралу қаупі төнді.3-дәрежелі тілсіз жауды ауыздықтауға 17 өрт сөндіру қызметінің қызметкері және 4 техника, сондай-ақ "Семсер-Өрт сөндіруші" АҚ және "Өрт сөндіру қызметі-М" мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің 8 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.Өрттің себебі анықталуда.
жаңаөзен
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1c/33351530_212:0:1172:720_1920x0_80_0_0_b67b776f80a454e16c814f10bafd7231.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жаңаөзен, өрт
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Жаңаөзен қаласында мұнай-сервис компаниясының аумағында бір тонналық пластикалық резервуарларда сақталған химиялық реагенттер өртенді.
Маңғыстау облысы ТЖД ақпаратынша, төтенше жағдай 27 наурызда кешкі жетілер шамасында болды.
Ұңғымаларды күрделі жөндеу бойынша қызмет көрсететін мұнай-сервис компаниясының аумағында бір тонналық пластикалық 11 резервуардағы химиялық реагенттер жанған. Өрттен ауыр жүк көлігіне (трал) зақым келді.
Жалын жалпы ауданы 120 шаршы метрді шарпыған. Зардап шеккендер жоқ.
Ведомство хабарлағандай, өрт салдарынан газ тәрізді қауіпті жану өнімдерінің жарылуы және үлкен аумаққа таралу қаупі төнді.
"Өртті сөндіру кезінде химиялық реагенттер сақталған конструкциялар біз мезгілде салқындатылды. Өрт сөндірушілердің үйлесімді жұмысының арқасында өрт сағат 19:13-те сөндірілді", - деп мәлімдеді ТЖ департаменті.
3-дәрежелі тілсіз жауды ауыздықтауға 17 өрт сөндіру қызметінің қызметкері және 4 техника, сондай-ақ "Семсер-Өрт сөндіруші" АҚ және "Өрт сөндіру қызметі-М" мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің 8 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.
Өрттің себебі анықталуда.