Зерендіде жаңадан салынған су құбыры жолдың үстіне құлады - видео

© Sputnik / Елена БережнаяАварию на водоводе, в результате которой залиты центральные улицы, устраняют в Петропавловске
Аварию на водоводе, в результате которой залиты центральные улицы, устраняют в Петропавловске - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Зеренді кентінде бағаналардың үстімен тартылған жылу құбыры жолдың үстіне құлады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео мен фото тарады. Құбырдан су атқылап тұр. Ал металл конструкциялар қисайып кеткен. Соның салдарынан бірнеше метрге созылған жылу құбыры жолға құлап кетті.
Зеренді ауданының әкімдігі құбырдың құлағанын растады. Ильясов көшесінде жолдың жиегін су басқаннан кейін металл конструкциялары құлап кетті.
"150-200 метрге созылған жерді су бастады. Содан тіреуіштер мен жылу құбыры құлап түсті", – дейді аудан әкімі Асен Жақсылықов.
Қазіргі кезде жылу тоқтатылды. Бірақ жақын арада ескі қазандықты іске қосу жоспарланып отыр.
"Қазіргі кезде ескі орталық қазандықты іске қосып жатырмыз. Кешке дейін жылу беріледі", – деп атап көрсетті аудан басшысы.
Оның айтуынша, мердігер компания жылу құбырын қалпына келтіреді. Келісімшартта барлығы жазылған.
Құлаған құбыр арқылы біраз адамға жылу беріледі. Соның ішінде 42 бюджеттік ұйымдар, 58 көпқабатты үйлер мен 402 жеке меншік үй бар. Айта кетер, Зерендідегі жаңа қазандық пен жылу құбыры былтыр пайдалануға берілген болатын. Нысанның қуаттылығы – 19,5 гигакалория. Жобаның құны – 850 млн теңге. Құрылыс жұмыстарын "ТСК Титан" компаниясы атқарған.
Қыста Зеренді кентінің тұрғындары талай рет шағым айтқан. Олардың айтуынша, көпқабатты үйлерде суық болды, ал крандағы су да қатып қалған. Бірақ әкім Жақсылықов халықтың наразылығымен келісейді.
"Ондай болған жоқ. Қысқа дайын болмай қалған үйлерде ғана суық болды. Біз жылуды жақсы беріп тұрдық", – дейді әкім.
Дегенмен, жаңа қазандық пен құбырдың сапасы әкімдіктің өзіне де ұнамайды. Жергілікті билік мердігер компанияны сотқа да берген.
"Қазір соттар әлі аяқталған жоқ. Біз осы жобаның барлық ақшасын, шамамен, 850 млн теңгені қайтаруды немесе тауарды ауыстырып беруді, яғни, барлық кемшілікті жоюды талап еттік. Олар бірінші сотта бітімгерлік келісімге келуді сұраған. Бірақ фирманың өкілдері келген жоқ. Біз олардың үстінен тағы шағым түсірдік", – деп атап көрсетті Жақсылықов.
Жаңалықтар
0