Қызылорданың ірі күріш өндірушілері тексеріледі

© Photo : СС0 / allybally4bКүріш
Күріш - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Қызылорда облысында күріш өңдейтін бірнеше компанияда тексеріс басталды. Басқа кәсіпорындар бағаны төмендетуге келісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Облыстық департамент әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасына талдау жүргізіп отырады. Осы орайда жергілікті өнімге басымдық беріледі.
"Мамандар 9 ірі күріш өндірушінің баға белгілеу шараларына талдау жасады. Соның нәтижесінде күріш өңдейтін 6 компанияда тексеріс өткізуге шешім қабылданды. Бағаны көтеру себептері анықталады. Ал қалған кәсіпорындар облыстың тұрақтандыру қоры үшін күріштің бір келісі үшін бағаны 420 теңгеден 350-ге дейін төмендетуге келісті ", - делінген ресми хабарламада.
Тұрақтандыру қорындағы күріш әлеуметтік дүкендерге сатылады. Халық үшін бағасы 350 теңгеден аспауы шарт. Қазіргі кезде "Байқоңыр" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен әкімдік күрішті сату мәселесін пысықтауға кірісті.
Жаңалықтар
0