https://sputnik.kz/20230328/qazaqstan-sot-zhuyesi-toqaev-zan-33321138.html
Қазақстанның сот жүйесі қалай өзгереді – Тоқаев заңға қол қойды
Қазақстанның сот жүйесі қалай өзгереді – Тоқаев заңға қол қойды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Конституциялық заңға өзгерістер енгізу туралы... 28.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-28T10:13+0500
2023-03-28T10:13+0500
2023-03-28T10:13+0500
қоғам
сот
қасым-жомарт тоқаев
заң
https://sputnik.kz/img/1255/61/12556129_0:0:2048:1152_1920x0_80_0_0_f944279ca5317cde0b61fffce374b088.jpg
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Конституциялық заңға өзгерістер енгізу туралы Конституциялық заңға және оған ілеспе заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.Заңға сәйкес, енді құқық қорғау органдары судьяларға қысым көрсете алмайды. Судьяларға қатысты арнайы жедел-іздестіру шаралары тек бас прокурордың санкциясымен ғана жүргізіледі.Бұрын құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғамай-ақ кез келген судьяға қарсы арнайы жедел-іздестіру шараларын жүргізе алатын. Бұл үшін облыс прокурорының санкциясы жеткілікті болатын."Сенатта заң жобасын талқылай келе, судьяларға қатысты арнайы жедел-іздестіру шараларын тек бас прокурордың санкция беруімен ғана жүргізу қажет деген тоқтамға келдік. Сондықтан бұл кепілді Конституциялық заң деңгейінде бекіту ұсынылып отыр", - деп түсіндірген еді норманың енгізілуін сенат депутаты Андрей Лукин.Депутаттар бұл норма судьялардың тәуелсіздігін нығайтады деген үмітте.Сонымен қатар аудандық соттың төрағаларын кадр резервіндегі және өз-өзін ұсынған азаматтардың арасынан сайлау тетігі енгізілді. Судья қауымдастығы кандидатты өзі ұсына алады.Бұдан бөлек, қабылданған заңға сәйкес, сенат Жоғарғы соттың судьяларын да баламалы негізде сайлайды. Сенатқа кемінде екі судьяның кандидатурасы ұсынылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1255/61/12556129_256:0:1792:1152_1920x0_80_0_0_ae38ee05a18f417ba9298ec60b9d343d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сот, қасым-жомарт тоқаев, заң
сот, қасым-жомарт тоқаев, заң
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Конституциялық заңға өзгерістер енгізу туралы Конституциялық заңға және оған ілеспе заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Заңға сәйкес, енді құқық қорғау органдары судьяларға қысым көрсете алмайды. Судьяларға қатысты арнайы жедел-іздестіру шаралары тек бас прокурордың санкциясымен ғана жүргізіледі.
Бұрын құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғамай-ақ кез келген судьяға қарсы арнайы жедел-іздестіру шараларын жүргізе алатын. Бұл үшін облыс прокурорының санкциясы жеткілікті болатын.
"Сенатта заң жобасын талқылай келе, судьяларға қатысты арнайы жедел-іздестіру шараларын тек бас прокурордың санкция беруімен ғана жүргізу қажет деген тоқтамға келдік. Сондықтан бұл кепілді Конституциялық заң деңгейінде бекіту ұсынылып отыр", - деп түсіндірген еді норманың енгізілуін сенат депутаты Андрей Лукин.
Депутаттар бұл норма судьялардың тәуелсіздігін нығайтады деген үмітте.
Сонымен қатар аудандық соттың төрағаларын кадр резервіндегі және өз-өзін ұсынған азаматтардың арасынан сайлау тетігі енгізілді. Судья қауымдастығы кандидатты өзі ұсына алады.
Бұдан бөлек, қабылданған заңға сәйкес, сенат Жоғарғы соттың судьяларын да баламалы негізде сайлайды. Сенатқа кемінде екі судьяның кандидатурасы ұсынылады.