Іле Алатауында адасқан екі турист табылды

© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаАлматының құтқарушылары Іле Алатауында екі туристі құтқарды
Алматының құтқарушылары Іле Алатауында екі туристі құтқарды
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Алматы құтқарушылары Іле Алатауы тауларында адасып кеткен екі туристі тапты, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы ТЖД кезекші-диспетчерлік бөліміне "Аюсай" шатқалы мен сарқырамасының аумағында тауда ер адам және әйел адам жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен.
"Туристер қайтар жолынан адасып, қараңғыда төменге түсе алмаған. Өтінішті зардап шеккендердің өздері берген. Адасқандардың орналасқан жері туралы мәлімет Алматы қаласы әкімдігі құтқару қызметінің жедел кезекшісіне жіберілді. 4 құтқарушы бір техникамен оқиға орнына жолға шықты", - делінген хабарламада.
Құтқарушылар іздеу орнына келген кезде адам ізі болмаған, ол жерде аздаған көшкін жүргені анықталды.
Арада бір сағат өткеннен кейін жоғалған ер адам ТЖД кезекші бөліміне қайта қоңырау шалып: олар жолды тауып, көтеріле бастағанын хабарлаған, сөйтіп байланыс қайтадан үзіледі.
Түнде сағат 4:20-да "Аюсай" шатқалына қосымша құтқару қызметінің және КСП "Тұйық-Су" 7 құтқарушысы мен 2 бірлік техникасы жіберілді. Туристер қайтып байланысқа шықпады, ұялы байланыс ұстамады.
© Photo : Пресс-служба Республиканского оперативно-спасательного отряда и ДЧС АлматыАлматының құтқарушылары Іле Алатауында екі туристі құтқарды
Алматының құтқарушылары Іле Алатауында екі туристі құтқарды - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2023
Алматының құтқарушылары Іле Алатауында екі туристі құтқарды
Таңғы сағат 6.00-де ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының 7 адамнан құрылған жедел тобын, оның ішінде бір кинологиялық есепті іздеуге жіберу туралы шешім қабылданды. Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары спутниктік байланыспен жарақталған. Космостанцияға келген Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шатқалдан төмен қарай іздеу жұмыстарын жүргізе бастады. Тәуліктің қараңғы уақытында, қауіпті тік беткейлермен, төменгі температурада жоғалған туристерді іздеу жұмыстары тоқтаған жоқ.
Іздеу жұмыстары таң бойы жалғасты. Сағат 09:57-де құтқару қызметінің іздестіру тобы туристерді таудың жотасындағы бірінші сарқырамадан жоғары орналасқан "Аюсай" шатқалынан тапты. Зардап шеккендермен визуалды байланыс орнатылды. Содан кейін құтқару операциясы жалғастырылды. Жұмысты тік беткейлер мен қардың көптігі қиындатты.
Сағат 15:45-те құтқару қызметінің құтқарушылары мен Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы зардап шеккендерді Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлер бригадасына жеткізді. Зардап шеккендердің жағдайлары қанағаттанарлық, медициналық көмекке мұқтаж емес.
Жаңалықтар
0