https://sputnik.kz/20230328/euraziyalyq-aymaqtyn-kop-elinde-eaeo-men-sauda-osti-33352029.html
Еуразиялық аймақтың көп елінде ЕАЭО-мен сауда өсті
Еуразиялық аймақтың көп елінде ЕАЭО-мен сауда өсті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. 2023 жылдың басында ЕАЭО және Еуразиялық аймақтың көп елінің арасында тауар айналымы өсті, деп хабарлады Еуразиялық даму банкінің... 28.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-28T17:59+0500
2023-03-28T17:59+0500
2023-03-28T17:59+0500
еаэо
сауда
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/1a/18767177_0:144:3128:1904_1920x0_80_0_0_3f6d06a84f7fae4322d52571321fc941.jpg
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. 2023 жылдың басында ЕАЭО және Еуразиялық аймақтың көп елінің арасында тауар айналымы өсті, деп хабарлады Еуразиялық даму банкінің баспасөз қызметі. Қазақстанда 2023 жылдың қаңтарында ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 2022 жылдың қаңтарындағы көрсеткішпен салыстырғанда 342,1 миллион долларға (өткен жылмен салыстырғанда 1,2 есе) өсті. Арменияда бұл көрсеткіш осы кезеңде 330,9 миллион долларға (жылды жылмен салыстырғанда 2,4 есе) өсті. Қазақстанның сыртқы саудасында ЕАЭО үлесі 20,8%-ке дейін өсті. Қырғызстанда ЕАЭО елдерімен сауда-саттық қаңтар айында Ресейден келетін импорт есебінен 28,6 миллион долларға (жылды жылмен салыстырғанда -9,6%) қысқарды. ЕАЭО-ға кірмейтін Орталық Азия елдерінің арасында Өзбекстан сауданы белсенді түрде арттырып жатыр: ЕАЭО-мен сыртқы сауда айналымы бір жыл ішінде 1,5 есе өсіп, қаңтарда 1 миллиард 361,7 миллион долларға жетті. Елдің сыртқы саудасында ЕАЭО үлесі 27,0%-ті құрайды. Өз кезегінде Тәжікстанның ЕАЭО-мен саудасы қаңтарда сыртқы сауда айналымының өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,5%-ке жалпы төмендеуі аясында 23,9 млн долларға (жылдықпен -9,9%) қысқарды. ЕАЭО құрамына бес мемлекет кіреді: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/1a/18767177_200:0:2929:2047_1920x0_80_0_0_89775d2f8a6de9a039cec08dddf6f4d8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо, сауда
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. 2023 жылдың басында ЕАЭО және Еуразиялық аймақтың көп елінің арасында тауар айналымы өсті, деп хабарлады Еуразиялық даму банкінің баспасөз қызметі.
Қазақстанда 2023 жылдың қаңтарында ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 2022 жылдың қаңтарындағы көрсеткішпен салыстырғанда 342,1 миллион долларға (өткен жылмен салыстырғанда 1,2 есе) өсті.
Арменияда бұл көрсеткіш осы кезеңде 330,9 миллион долларға (жылды жылмен салыстырғанда 2,4 есе) өсті.
Қазақстанның сыртқы саудасында ЕАЭО үлесі 20,8%-ке дейін өсті.
Қырғызстанда ЕАЭО елдерімен сауда-саттық қаңтар айында Ресейден келетін импорт есебінен 28,6 миллион долларға (жылды жылмен салыстырғанда -9,6%) қысқарды. ЕАЭО-ға кірмейтін Орталық Азия елдерінің арасында Өзбекстан сауданы белсенді түрде арттырып жатыр: ЕАЭО-мен сыртқы сауда айналымы бір жыл ішінде 1,5 есе өсіп, қаңтарда 1 миллиард 361,7 миллион долларға жетті.
Елдің сыртқы саудасында ЕАЭО үлесі 27,0%-ті құрайды. Өз кезегінде Тәжікстанның ЕАЭО-мен саудасы қаңтарда сыртқы сауда айналымының өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,5%-ке жалпы төмендеуі аясында 23,9 млн долларға (жылдықпен -9,9%) қысқарды.
ЕАЭО құрамына бес мемлекет кіреді: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей.