Жабайы табиғаттың мінсіз келбеті – фото
"Болашаққа көзқарас" - болашақ құрылыс алаңындағы кесілген ағаштар мен сынған бұтақтардың арасында ұрланып келе жатқан түлкінің суреті байқауда үздік деп танылды.
"Бұл маңда түлкілер жиі серуендейді. Мен өнеркәсіптік пейзажды суретке түсіріп, бұл жануарлар өздерінің үйі деп санайтынын орманның қаншалықты ойран болғанын көрсеткім келді", - деп бөлісті байқау жеңімпазы Чарли Пейдж.

"Драмалық түскі ас". Фотограф Мэтт Дуг.
"Бұл туындыда поэтикалық сипат бар: бізді шағумен танымал сонаны шықшөп "шағып алған", - дейді сурет авторы. Өздеріңіз білетіндей, шықшөп – жәндік қоректі өсімдіктер.

Нил Макинтайрдың "Көл жағасындағы бұғы" атты суреті.
"Мен бұл ғажайып жерге жиі барып тұрамын. Бұл көлі, көрікті тау табиғаты мен бұғылары бар кең алқап. Мына киіктің көл жағасында жүріп бара жатқанын байқадым. Мен ыңғайланып күтіп отырдым. Бұғы тура жарық түсіп тұрған нүктеден өтті", - деді автор суреттің қалай түсірілгені туралы әңгімелеп.

"Бал арасының ұшу жолы". Фотограф Джон Уотерс.
"Бал аралары ұяның кіреберісіне жақындаған кезде жарық іспеттес із қалдырады. Мен олардың қозғалысын, келуі мен кетуін, қауырт тіршілігін қалай көрсетсем болады деп араларды сағаттап бақыладым", - дейді сурет авторы.

Герайнт Рэдфорд Мосс түсірген "Қарлы шар" атты сурет.
"Қарлы орманды аралап жүрген кезде қызықты көріністерді іздеп, макроәлемді зерттедім. Мен мүкті спорофит пен тамаша орналасқан су тамшысын тапқаныма қатты қуандым", - деді ол.

"Хайуанаттар бағына қош келдіңіз". Авторы – Хенли Спайерс.
"Бір жолы түнде аралдарда мен көлемі үлкен планктонмен бетпе-бет келдім. Ол теңізге бір қап бұршақ төгіліп кеткендей ашық түсті миллиондаған шарға ұқсады. Бұл планктон медузалардың назарына ілікті", - дейді автор.

"Шөптегі өрмекші". Авторы – Уилл Аткинс.
"Секіретін өрмекші - аршагүл орманында өз олжасын аулайтын жәндік. Бұл суретте өрмекшінің қаншалықты кішкентай екенін мүк өсімдіктерінің бойы анық көрсетіп тұр. Далада түсірілетін көптеген макросуреттер кезіндегідей мен қарныммен жатып, өрмекшінің дәл маған қараған сәтін түсіріп алдым", – деді фотограф.

"Грейт Мелл Фелл төбелері". Жеңімпаз Мэттью Тернер.
"Таңертеңгі тұман кезінде мен бірнеше сағат бойы Көлді алқаптағы Грейт-Мелл-Феллдің орманды шығыс сұлбасын зерттедім. Бұл таңғажайып және басқа әлем секілді бейтаныс жер. Айқаса өскен бұталар арасымен келе жатып, жерден шыққан тырнақ секілді мына шіріген ағашты байқап қалдым", - деп бөлісті автор.

"Үлпілдектер арасындағы ұйқы". Фотограф Льюис Ньюман.
"Мен осы бұлаң құйрық иесімен көп уақыт өткіздім, ол менің қауіп төндірмейтінімді түсінді. Бұл маған суретке түсуге үлкен мүмкіндік берді. Жабайы гүлдер өсе бастағанда, мен оның сол гүлдер арасында бұралып жатқанын көрдім. Бақбақ үлпілдектері тарай бастаған кезде ол бірнеше күн үсті-басы үлпілдек болып оянып жүрді", - деді сурет авторы.

"Қарбалас". Авторы – Мэттью Кэттел Старлинг.
"Қыста әр түн сайын Брайтон қараторғайлардың "биін" тамашалайды. Бұл күні кешке дауыл алдында көкжиек жарқыратып, ал жарық деңгейі төмендеген сайын аспанның жарығы Сарай пирсіндегі шамдармен теңесті. Мен осы қарбалас пен оның судағы шағылысқан кескінін кең бұрышты объективке түсіріп алдым", - деп түсіндірді автор.

"Шортан тойы". Авторы – Роберт Касс. Фотографтың айтуынша, бұл сурет оның су астына сүңгуі кезінде түсірілген.
"Мен алты шортаннан тұратын топты кездестірдім. Олардың екеуі үш еркек пен бір ұрғашы балықтан тұратын топты бөлек тастап, басқа жаққа кетті. Ұрғашы балыққа мұндай ыңғай білдіру кезінде еркек балықтар сүңгуірлерге назар аудармайды, сондықтан мен оларға жақындай түстім де, бірнеше сурет түсірдім".