Қоғам

ҰҚК-ның арнайы операциясы: 100 келіден аса героин тәркіленді

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстанның ішкі істер министірлігімен бірлесіп бірнеше сатылы арнайы операция жүргізді. Нәтижесінде ауыр есірткілерді контрабандалық жолмен әкелудің тұрақты арнасының жолы кесілді, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.
ҰҚК қызметкерлері есірткі трафигін қалыптастыратын елдерде Қазақстан арқылы өзге шет елдерге шығаруға арналған апиын тектес есірткілердің ірі партиясы жинақталғаны жайында ақпаратқа қол жеткізген. Кезең-кезеңімен есірткі тасымалдаудың жолдары мен схемалары анықталды.
"Арнайы шаралар нәтижесінде есірткіні алып өтетін шетелдік азаматтың Қазақстанға келетіні туралы нақты мәлімет алынды. Жедел қызметкерлердің және "А" Арнайы мақсаттағы қызметтің келісілген әрекеттерінің арқасында Алматы қаласында 100 келіден аса героинды тасымалдау кезінде есірткі арнасының ұйымдастырушысы ұсталды", - деп мәлімдеді ҰҚК.
Материал сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, тергеу жүргізіліп жатыр.
Халықаралық есірткі трафигі арналарының жолын кесу бойынша жұмыс жалғасуда.
Жаңалықтар
0