https://sputnik.kz/20230327/qazaqstandyqtar-zeynetaqy-shotynda-1513-trln-tenge-zhinady--bzhzq-33291047.html
Қазақстандықтар зейнетақы шотында 15,13 трлн теңге жинады – БЖЗҚ
Қазақстандықтар зейнетақы шотында 15,13 трлн теңге жинады – БЖЗҚ
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының таза инвестициялық табысы жыл басынан бері 204,4 млрд теңгеден асты, деп... 27.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-27T13:51+0500
2023-03-27T13:51+0500
2023-03-27T13:51+0500
зейнетақы жинағы
https://sputnik.kz/img/639/76/6397616_0:0:1499:844_1920x0_80_0_0_1a15f89c4e32c279073b5fc7163ce170.jpg
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының таза инвестициялық табысы жыл басынан бері 204,4 млрд теңгеден асты, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.2023 жылдың 1 наурызындағы мәлімет бойынша салымшылардың зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысын қамтитын зейнетақы жинақтарының сомасы шамамен 15,13 трлн теңге болды.2014 жылдан (барлық зейнетақы активін БЖЗҚ-ға біріктіру үрдісі аяқталған) бастап Ұлттық банк қамтамасыз еткен таза инвестициялық табыс 7,13 трлн теңгені құрады.Зейнетақы активтерінің портфелін таңдалған қаржы құралдары, экономика салалары мен валюталар бойынша әртараптандыру есебінен 2 ай ішінде оң инвестициялық кіріс алынды."Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізі қаланған кезеңнен (1998 жыл) 2023 жылдың 1 наурызына дейін жинақталған кірістілік бүкіл кезеңдегі инфляция 695,96% болғанда өспелі қорытындымен 740,12% көрсетті", - делінген хабарламада.Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақы жарналарының міндетті түрлерінің сақталуына бірегей кепілдік бар.Инвестициялық басқару және зейнетақы активтерін есепке алудың жүйесі ашық: әрбір салымшы өзінің инвестициялық кірісін enpf.kz сайты немесе ұялы қосымшадағы Жеке кабинеттен көре алады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/639/76/6397616_11:0:1344:1000_1920x0_80_0_0_5e0aa9abb1d0bde35c66c007290d8366.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зейнетақы жинағы
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының таза инвестициялық табысы жыл басынан бері 204,4 млрд теңгеден асты, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.
2023 жылдың 1 наурызындағы мәлімет бойынша салымшылардың зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысын қамтитын зейнетақы жинақтарының сомасы шамамен 15,13 трлн теңге болды.
2014 жылдан (барлық зейнетақы активін БЖЗҚ-ға біріктіру үрдісі аяқталған) бастап Ұлттық банк қамтамасыз еткен таза инвестициялық табыс 7,13 трлн теңгені құрады.
Зейнетақы активтерінің портфелін таңдалған қаржы құралдары, экономика салалары мен валюталар бойынша әртараптандыру есебінен 2 ай ішінде оң инвестициялық кіріс алынды.
"Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізі қаланған кезеңнен (1998 жыл) 2023 жылдың 1 наурызына дейін жинақталған кірістілік бүкіл кезеңдегі инфляция 695,96% болғанда өспелі қорытындымен 740,12% көрсетті", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақы жарналарының міндетті түрлерінің сақталуына бірегей кепілдік бар.
Инвестициялық басқару және зейнетақы активтерін есепке алудың жүйесі ашық: әрбір салымшы өзінің инвестициялық кірісін enpf.kz сайты немесе ұялы қосымшадағы Жеке кабинеттен көре алады.