https://sputnik.kz/20230327/qazaqstan-men-qytaydyn-tauar-aynalymy-otken-zhyly-rekordtyq-dengeyge-zhetti-33305714.html
Қазақстан мен Қытайдың тауар айналымы өткен жылы рекордтық деңгейге жетті
Қазақстан мен Қытайдың тауар айналымы өткен жылы рекордтық деңгейге жетті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 наурыз - Sputnik. Премьер-министрі Әлихан Смайылов ҚХР Шыңжаң - Ұйғыр автономиялық ауданы (СУАР) ҚКП парткомының хатшысы Ма Синжуеммен кездесті. 27.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-27T21:00+0500
2023-03-27T21:00+0500
2023-03-27T21:00+0500
қытай
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1b/33301693_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_6a912dfb9d9e24713900ee1e1a1a33b9.jpg
АСТАНА, 27 наурыз - Sputnik. Премьер-министрі Әлихан Смайылов ҚХР Шыңжаң - Ұйғыр автономиялық ауданы (СУАР) ҚКП парткомының хатшысы Ма Синжуеммен кездесті. Қытай Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің бірі. Оның үлес салмағы 18%. Былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 34%-ға өсіп, 24 млрд доллардан асты, бұл 30 жылда жасалған жаңа рекорд. Әлихан Смайылов өзара сауданың 40%-дан астамы СУАР-ға тиесілі екенін айтты. Премьер-министр Қытайға 135 тауар түрі бойынша қазақстандық өнім экспортын $1 млрд-қа ұлғайта отырып, оң үрдісті қолдауды ұсынды. Өзара іс-қимылдың маңызды бағыты инвестициялық ынтымақтастық, атап айтқанда, құны $21 млрд-тан асатын 52 бірлескен жобаны іске асыру болып отыр. Жалпы, Қытай Қазақстан экономикасына инвестиция салған 5 елдің қатарында. Соңғы 15 жылда ҚХР инвестициясының көлемі $23 млрд-қа жетті. Өз кезегінде Ма Синжуй Қазақстан мен Қытайды тығыз экономикалық қарым-қатынастар байланыстыратынын атап өтіп, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, энергетика, логистика, білім беру, инновация және т. б. бағыттар бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты жандандыруға дайын екенін мәлімдеді. Кездесу барысында шекарадағы "тар жерлерді" жою жөніндегі мәселелер егжей-тегжейлі қозғалды.
қытай
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1b/33301693_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_f7927ea50b644d411fc0fd78eb7eb551.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қытай, қазақстан
АСТАНА, 27 наурыз - Sputnik. Премьер-министрі Әлихан Смайылов ҚХР Шыңжаң - Ұйғыр автономиялық ауданы (СУАР) ҚКП парткомының хатшысы Ма Синжуеммен кездесті.
Қытай Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің бірі. Оның үлес салмағы 18%. Былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 34%-ға өсіп, 24 млрд доллардан асты, бұл 30 жылда жасалған жаңа рекорд. Әлихан Смайылов өзара сауданың 40%-дан астамы СУАР-ға тиесілі екенін айтты.
"Екі мемлекет басшыларының 2030 жылға қарай тауар айналымын 35 млрд долларға дейін ұлғайту жөніндегі міндетін ескере отырып, Қазақстанның Шыңжаңмен өзара саудасын дамытып, осы мақсатта жұмыс істеуге дайынбыз", - деді Әлихан Смайылов.
Премьер-министр Қытайға 135 тауар түрі бойынша қазақстандық өнім экспортын $1 млрд-қа ұлғайта отырып, оң үрдісті қолдауды ұсынды. Өзара іс-қимылдың маңызды бағыты инвестициялық ынтымақтастық, атап айтқанда, құны $21 млрд-тан асатын 52 бірлескен жобаны іске асыру болып отыр. Жалпы, Қытай Қазақстан экономикасына инвестиция салған 5 елдің қатарында.
Соңғы 15 жылда ҚХР инвестициясының көлемі $23 млрд-қа жетті. Өз кезегінде Ма Синжуй Қазақстан мен Қытайды тығыз экономикалық қарым-қатынастар байланыстыратынын атап өтіп, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, энергетика, логистика, білім беру, инновация және т. б. бағыттар бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты жандандыруға дайын екенін мәлімдеді.
Кездесу барысында шекарадағы "тар жерлерді" жою жөніндегі мәселелер егжей-тегжейлі қозғалды.