https://sputnik.kz/20230327/qazaq-qytay-shekarasy-tagy-ush-bekette-zhasyl-daliz-33304195.html
Қазақ-қытай шекарасында тағы үш бекетте "жасыл дәліз" іске қосылуы мүмкін
Қазақ-қытай шекарасында тағы үш бекетте "жасыл дәліз" іске қосылуы мүмкін
Sputnik Қазақстан
Бүгінде бес бекеттің екеуінде "жасыл дәліз" жұмыс істеп тұр 27.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-27T16:28+0500
2023-03-27T16:28+0500
2023-03-27T16:28+0500
экономика
шекара
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1b/33301693_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_6a912dfb9d9e24713900ee1e1a1a33b9.jpg
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов қазақ-қытай шекарасындағы қалған үш бекетте "жасыл дәлізді" іске қосудың маңыздылығын атап өтті.Үкімет басшысы Қазақстанға алғаш рет сапармен келген ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП партия комитетінің хатшысы, 20-шақырылымдағы ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі Ма Синжуймен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады.Кездесу барысында шекарадағы кедергілерді жою жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіру мәселелері егжей-тегжейлі қозғалды. Бірлескен күш-жігердің арқасында шекаралық автомобиль бекеттерінің өткізу қабілетінің артуы байқалады, бұл екі елдің де экономикалық дамуына тиімді болып отыр.Сондай-ақ Әлихан Смайылов қазақстандық жүк тасымалдаушыларға ҚХР-ға кіру үшін виза беру рәсімдерін жеделдету мәселесін көтерді. Бұл жалпы тауар айналымының қарқынын арттыруға мүмкіндік береді.Сонымен қатар Транскаспий халықаралық көлік бағыты аясындағы ынтымақтастықты тереңдету перспективалары, "Қорғас" ШЫХО қызметін қалпына келтіру, бақылау-өткізу бекеттерін жаңғырту жөніндегі жоспарлар, трансшекаралық өзендерді пайдалану және басқа да бірқатар мәселе талқыланды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдің өзара тиімді әріптестігін одан әрі дамыту үшін барлық қажетті күш-жігерді жұмсауға дайын екенін растады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1b/33301693_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_f7927ea50b644d411fc0fd78eb7eb551.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шекара
Қазақ-қытай шекарасында тағы үш бекетте "жасыл дәліз" іске қосылуы мүмкін
Бүгінде бес бекеттің екеуінде "жасыл дәліз" жұмыс істеп тұр
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов қазақ-қытай шекарасындағы қалған үш бекетте "жасыл дәлізді" іске қосудың маңыздылығын атап өтті.
Үкімет басшысы Қазақстанға алғаш рет сапармен келген ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП партия комитетінің хатшысы, 20-шақырылымдағы ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі Ма Синжуймен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында шекарадағы кедергілерді жою жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіру мәселелері егжей-тегжейлі қозғалды. Бірлескен күш-жігердің арқасында шекаралық автомобиль бекеттерінің өткізу қабілетінің артуы байқалады, бұл екі елдің де экономикалық дамуына тиімді болып отыр.
"Премьер-министр бес пунктінің екеуінде ауыл шаруашылығы өнімдерін жеделдетіп өткізу үшін "жасыл дәліз" іске қосылғанына назар аударып, қалған үшеуінде, яғни: "Достық – Алашанькоу", "Майқапшағай – Зимунай" және "Қалжат – Дулаты" бекеттерінде оларды іске қосудың маңыздылығын атап өтті", - делінген үкімет баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сондай-ақ Әлихан Смайылов қазақстандық жүк тасымалдаушыларға ҚХР-ға кіру үшін виза беру рәсімдерін жеделдету мәселесін көтерді. Бұл жалпы тауар айналымының қарқынын арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Транскаспий халықаралық көлік бағыты аясындағы ынтымақтастықты тереңдету перспективалары, "Қорғас" ШЫХО қызметін қалпына келтіру, бақылау-өткізу бекеттерін жаңғырту жөніндегі жоспарлар, трансшекаралық өзендерді пайдалану және басқа да бірқатар мәселе талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдің өзара тиімді әріптестігін одан әрі дамыту үшін барлық қажетті күш-жігерді жұмсауға дайын екенін растады.