"Көшедегі асфальт қармен бірге еріп жатқандай": елорда әкімі жолдардың сапасын сынға алды

© Жеңіс Қасымбектің парақшасынанАстана әкімі Жеңіс Қасымбек көше жолдарын сынға алды
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек көше жолдарын сынға алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 27 наурыз - Sputnik. Астана әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында қала көшелеріне асфальт сапасыз төселгенін сынап, жазба қалдырды.
"Көктем мезгілінің басталуымен кейбір көшелерде асфальт қармен бірге ағып кеткендей әсер қалдырады. Жолдардың бәрі дерлік сапалы салынбаған. Тұрғындар тарапынан да шағымдар түсіп жатыр. Жауапты басқарма жол қызметкерлерімен бірлесе жөндеуден өтетін жолдар мен көшелердің сапасын әрі ұзаққа шыдамдылығын қамтамасыз етуі керек", - деп жазды әкім.
© Жеңіс Қасымбектің парақшасынанАстана әкімі Жеңіс Қасымбек көше жолдарын сынға алды
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек көше жолдарын сынға алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2023
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек көше жолдарын сынға алды
Сондай-ақ, биыл жөнделетін көшелердің тізімін ол халықтың өтініші негізінде жаңартатытын атап өтті.
"Өтініштерді ескере отырып, көшелер тізімін жаңарту қажет. Ең алдымен, қозғалысы қарқынды, жаңа әлеуметтік нысандары (кірме жолдар) бар орындарды жөндеу қажет. Сол сияқты елді мекендерде бұрын мүлдем асфальтталмаған көшелер де бар. Ал жаңадан салынып жатқан аудандарда инженерлік инфрақұрылымы мен үйлердің құрылысы біткеннен кейін ғана жолдары салынады. Оған дейін уақытша төсеммен қамтамасыз ету қажет.
© Жеңіс Қасымбектің парақшасынанАстана әкімі Жеңіс Қасымбек көше жолдарын сынға алды
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек көше жолдарын сынға алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2023
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек көше жолдарын сынға алды
Жол жұмысының маусымы қысқа. Сол себепті уақыт та тығыз. Біз сапасыз орындалған жұмыстарды қабылдамаймыз", - деді Жеңіс Қасымбек.
Жаңалықтар
0