Қоғам

Кореяда екі қазақстандық әуежайдан қашып кетті

© Photo : Pixabay / Jan VašekАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Оңтүстік Кореяда депортациялық рейсті күтіп отырған екі қазақстандық Инчхон әуежайынан қашып кетті. Полиция бір отандасымызды ұстады. Екіншісі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.
Ведомствоның ақпаратынша, Қазақстанның екі азаматына Корея Республикасына кіруге рұқсат берілмеген. Алайда олар депортациялық рейсті күтіп отырғанда Инчхон халықаралық әуежайынан заңсыз қашып кеткен. Кейінірек олардың бірін жергілікті полиция ұстады, ал екінші отандасымыз іздестірілуде.
Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяға 24 наурызда Ташкент қаласынан "Koreana" әуе компаниясының рейсімен ұшып келген.
"Бұл оқиға Оңтүстік Кореяда қоғамдық резонанс тудырды және жергілікті БАҚ-та кеңінен жарияланды. Қазақстанның Сеул қаласындағы елшілігі осы мәселе бойынша Кореяның уәкілетті органдарымен тұрақты байланыста", - деді ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Министрлік атап өткендей, бұл жағдай болашақта Корея Республикасының құқық қорғау және иммиграциялық органдарын әсіресе Қазақстан азаматтарының елде заңсыз болуымен белсенді күреске, сондай-ақ азаматтарға елге кіру тәртібін қатаңдатуға итермелеуі мүмкін.
Жаңалықтар
0