Батыстағы қаржылық күрделі ахуал біліне бастады

© Pixabay / Alexandr Podvalnyдоллар
доллар - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2023
Жазылу
Халықаралық валюта қорының басшысы Кристалина Георгиева "сенімсіздік жоғары деңгейде сақталып отырғанын" айтты. Себебі "әлемнің жаңа жаулық геосаяси блоктарға бөлінуі олардың арасындағы экономикалық және қатаң бәсекелестікке әкеледі", деп жазды РИА Новости.
Халықаралық валюта қорының бірінші тұлғасының мәлімдемесі және екі күн бұрын Макрон мен Шольцтың "еуропалық банктер мен еуропалық қаржы жүйесінің тұрақтылығы" туралы пікірлері таңғалдырмай қоймайды. Германия канцлері мен француз президентінің тұрақтылық туралы ойларын журналистер сұрап алғандай болды. Себебі дәл сол күні Deutsche Bank акциялары жылдам құлдырап жатты. Меркель кезінде қаржы министрі болған Шольц өзі тұрақтылыққа сендіріп жатқан сәтте аталған банктің капитализацидан бастап инвесторлардың сенімінен айырылып жатқанын білмеуі мүмкін емес.
Макрон да қаржы әлемінен алыс емес тұлға. Бірақ ол да дәл осыған ұқсас ой айтуды ұйғарды. Француз көшбасшысы қоғамды барлығы ойдағыдай және алаңдауға себеп жоқ деп сендіруге тырысты.
"Бірақ америкалық банктермен және швейцариялық қаржы институттарымен жан-жақты байланысты еуропалық қаржы жүйесі қысылтаяңға тап болып жатыр. Бұл күрделі жағдай инфляция артқан сайын күшейе беретіні сөзсіз. Еуропалық орталық банк ахуалды реттеуге тырысып жатыр. Бұл банк жақын уақытта кредит бойынша ең төменгі мөлшерлеме дәуірі аяқталғанын жариялауы керек. Үкімет экономикаға миллиондаған еуро салып, енді ертеңгі жоспарды қалай құру қажеттілігі туралы қайта бас қатыруы керек", - деп жазды мақала авторы.
Бұл жоспарды ресейлік энергетикалық ресурстар, шикізат және халықтың сатып алу қабілеті жоғары әрі сыйымды, тұтынуға дайын ресейлік үлкен нарық болмаған кезде қарастыру керек болып тұр. Ресей нарығы расында да жақсы тұтынды. Сондықтан Еуроодақ Ресейге қарсы шектеу шараларын енгізгенде, "бұлай істеуге болмайды" деп алғашқы болып дабыл қаққандардың бірі банкирлер мен білікті қаржы мамандары еді.
ЕО мүшесі емес Швейцария Credit Suisse конгломератын құтқару үшін шамамен 50 миллиард франк жұмсауға мәжбүр болды. Салыстыру үшін айтсақ, Альпі конфедерациясының жалпы ішкі өнімі 800 миллиард франкті құрайды. Берн домино эффектісін болдырмау үшін Credit Suisse-ті басқа банк, яғни USB-нің басқаруына берді. Credit Suisse бухгалтериясына соңғы сегіз жылда сенуе болмайтынын барлығы білді.
"Инвестициялық менеджер Патрис Лескодрон жүздеген миллион клиенттің ақшасын жымқырған. Ол есептерді Photoshop көмегімен бұрмалап, сандарға түзетіп келсе де, Credit Suisse бұған көз жұма қарады. Лескодрон сотталып, оның қаражат жымқырғаны дәлелденді және түрмеге жабылды, бірақ банк басшылығы жазадан құтылып кетті", - деп жазылған материалда.
Мақала авторының пікірінше, өндіріс құлдырағанда, инфляция көтерілгенде, рецессия басталғанда, жұмыссыздық еңбек нарығын басқан кезде ұлттық және жаһандық билік өкілдері мұндай ақпараттың барлығын елеусіз деп қабылдайды. Ал бірақ банктердің тұрақтылығы шайқала бастағанда, олар мұны шынайы төнген қауіп деп қарастырады.
Брюссельде Шольц пен Макрон ең алдымен инвесторларды тыныштандыруға тырысты. Яғни олар инвесторлар сенімді сақтап, облигациялар мен акцияларды сатып алуды жалғастыруын көздеді.
Бірақ инвесторлар да мұндай ахуалдан хабардар. Олар негізгі айналымы басты резервтік валютадағы банктерде тұрақсыздық туындаса, онда активтерді біртіндеп және асықпай қаржы жағдайын бақылауда ұстап отырған елдерге көшіру керек екенін түсінеді.
15 жыл бұрын бір ғана Lehman Brothers банкротқа ұшырауы ғаламшарлық дағдарысқа әкелді. Үш, төрт, бес банк құлдыраса не болады? Қазіргі геосаяси қақтығыс жағдайында тіпті ушығады емес пе? Бір анығы – Батыс жүйесі ғана емес, қаржылық іргетас та ыдырап жатыр. Бұл шиеленіс жалғаса беретін сыңайлы.
Жаңалықтар
0