https://sputnik.kz/20230326/qoshqardy-2050-ret-kotergen-efreytor-rekordty-zhanartty-33265270.html
Қошқарды 2050 рет көтерген ефрейтор рекордты жаңартты
Қошқарды 2050 рет көтерген ефрейтор рекордты жаңартты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Алматы қаласында Наурыз мейрамы кезінде ефрейтор Бауыржан Әбдіқайым қошқар көтеруден өз рекордын жаңартты, деп хабарлайды Sputnik... 26.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-26T13:28+0500
2023-03-26T13:28+0500
2023-03-26T13:28+0500
әскери қызметкер
рекорд
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1a/33262820_0:268:1200:943_1920x0_80_0_0_0fff5ecf19cb0c2d0c3fd814605271b3.jpg
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Алматы қаласында Наурыз мейрамы кезінде ефрейтор Бауыржан Әбдіқайым қошқар көтеруден өз рекордын жаңартты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Қорғаныс министрлігіне қарасты орталық спорт клубының әскери қызметшісі екі сағаттың ішінде 50 келілік қошқарды 2050 рет көтерді. Бір жыл бұрын ол қошқарды 1600 рет көтерген болатын. Бауыржан осындай жарыстарда сегізінші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Бұл жолы бұрынғы рекордын да жаңартты. "Мен өз рекордымды ерік-жігері мықты қазақ халқына арнадым. Әрине, күш-қуат тұрғысынан оңай болған жоқ. Бірақ шыдамдылық пен күнделікті жаттығулар өз нәтижесін көрсетті. Маған қолдау көрсеткендердің барлығына рахмет. Алға Қазақстан!", - дейді спортшы. Ефрейтор Бауыржан Әбдіқайым Орталық спорт клубында 2017 жылдың мамыр айынан бастап коменданттық взводтың аға сарбазы лауазымында қызмет атқарып келеді. Спортшы Алматыда ұйымдастырылатын республикалық, қалалық марафондар мен ірі спорттық іс-шараларға тұрақты түрде қатысып тұрады. Биыл Отан қорғаушылар күніне орай ефрейтор Бауыржан Әбдіқайым Алматыдан Таразға дейін жүгіруді жоспарлап отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1a/33262820_0:155:1200:1055_1920x0_80_0_0_9049d1604c5b731e182a37217c8bb613.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әскери қызметкер, рекорд
Қошқарды 2050 рет көтерген ефрейтор рекордты жаңартты
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Алматы қаласында Наурыз мейрамы кезінде ефрейтор Бауыржан Әбдіқайым қошқар көтеруден өз рекордын жаңартты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Қорғаныс министрлігіне қарасты орталық спорт клубының әскери қызметшісі екі сағаттың ішінде 50 келілік қошқарды 2050 рет көтерді. Бір жыл бұрын ол қошқарды 1600 рет көтерген болатын. Бауыржан осындай жарыстарда сегізінші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Бұл жолы бұрынғы рекордын да жаңартты.
"Мен өз рекордымды ерік-жігері мықты қазақ халқына арнадым. Әрине, күш-қуат тұрғысынан оңай болған жоқ. Бірақ шыдамдылық пен күнделікті жаттығулар өз нәтижесін көрсетті. Маған қолдау көрсеткендердің барлығына рахмет. Алға Қазақстан!", - дейді спортшы.
Ефрейтор Бауыржан Әбдіқайым Орталық спорт клубында 2017 жылдың мамыр айынан бастап коменданттық взводтың аға сарбазы лауазымында қызмет атқарып келеді. Спортшы Алматыда ұйымдастырылатын республикалық, қалалық марафондар мен ірі спорттық іс-шараларға тұрақты түрде қатысып тұрады.
Биыл Отан қорғаушылар күніне орай ефрейтор Бауыржан Әбдіқайым Алматыдан Таразға дейін жүгіруді жоспарлап отыр.