https://sputnik.kz/20230326/almatyda-torttar-muzeyi-kormesi-ashyldy-33263805.html
Алматыда "Торттар музейі" көрмесі ашылды - фото
Алматыда "Торттар музейі" көрмесі ашылды - фото
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 26 наурыз - Sputnik. Алматыдағы ҚР орталық мемлекеттік музейінде "Торттар музейі" көрмесі ашылды. Көрермен назарына ұсынылған ерекше тәттілерді Sputnik... 26.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-26T10:54+0500
2023-03-26T10:54+0500
2023-03-27T09:14+0500
торт
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1a/33264010_0:158:1659:1091_1920x0_80_0_0_7077e67946e123fc3b08c5ec463ee668.jpg
АЛМАТЫ, 26 наурыз - Sputnik. Алматыдағы ҚР орталық мемлекеттік музейінде "Торттар музейі" көрмесі ашылды. Көрермен назарына ұсынылған ерекше тәттілерді Sputnik Қазақстан тілшісі көріп қайтты. Ерекше тәттілер ұсынылған көрменің көрерменге берер әсері де ерекше. Ә дегенде келушілер үшін торттың тарихы туралы бейнебаян көрсетіледі. Расымен, екінің бірі дәмін татпай қоймайтын бұл тағамның тарихы да тым әріде жатыр екен. Алғашқы торт 2000 жыл бұрын Италияда пайда болған. Бірақ одан да бұрын грек жерінде пайда болды деген де пікір бар. Әрине ол кездегі торт қазіргідей емес, қарапайым болған. Тортқа қатысты әр елдің тіпті арнайы салт-дәстүрі де болған. Ал Алматыдағы торт көрмесінде алматылық дизайнер-кондитерлердің эксклюзивті авторлық торттары ұсынылды. ""Музей торты" жобасы - бұл халықаралық жоба. Қазақстанда мұндай жоба бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұл көрме арқылы біз торт әлеміне саяхат жасауды және біздің он саусағынан бал тамған кондитерлеріміздің еңбегін көрсетуді көздедік", - дейді "Торт музейі" көрмесінің маркетинг бөлімінің басшысы Максим Пасечный. Көрмеге 40 түрлі торт қойылды. Тәтті тағамның әрқайсысы ерекше безендірілген. Қуыршақтар мен сүйкімді аңдар, табиғат пен киіз үй, ертегілер кейіпкерлері мен тіпті киімдер де бейнеленген. "Торттар топтамасынан басқа жобаның тағы бір ерекшелігі - дәм тату және шеберлік сыныбы болды. Мастикамен мүсіндеу бойынша қызықты мастер-класс өткіздік, сондай-ақ әрбір келушіге өзінің шағын тортын жасауға мүмкіндік бердік. Біздің мақсатымыз - келушілерге бұл еңбектің маңыздылығын көрсету", - дейді Максим Пасечный. Көрме 16 сәуірге дейін жұмыс істейді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ерекше көрме Алматыдан соң астаналық көрерменге жол тартады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1a/33264010_0:3:1659:1247_1920x0_80_0_0_bf05f93dac6d1f51a6faba773af2b230.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
торт
АЛМАТЫ, 26 наурыз - Sputnik. Алматыдағы ҚР орталық мемлекеттік музейінде "Торттар музейі" көрмесі ашылды. Көрермен назарына ұсынылған ерекше тәттілерді
Sputnik Қазақстан тілшісі көріп қайтты.
Ерекше тәттілер ұсынылған көрменің көрерменге берер әсері де ерекше. Ә дегенде келушілер үшін торттың тарихы туралы бейнебаян көрсетіледі. Расымен, екінің бірі дәмін татпай қоймайтын бұл тағамның тарихы да тым әріде жатыр екен. Алғашқы торт 2000 жыл бұрын Италияда пайда болған.
Бірақ одан да бұрын грек жерінде пайда болды деген де пікір бар. Әрине ол кездегі торт қазіргідей емес, қарапайым болған. Тортқа қатысты әр елдің тіпті арнайы салт-дәстүрі де болған.
Ал Алматыдағы торт көрмесінде алматылық дизайнер-кондитерлердің эксклюзивті авторлық торттары ұсынылды.
""Музей торты" жобасы - бұл халықаралық жоба. Қазақстанда мұндай жоба бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұл көрме арқылы біз торт әлеміне саяхат жасауды және біздің он саусағынан бал тамған кондитерлеріміздің еңбегін көрсетуді көздедік", - дейді "Торт музейі" көрмесінің маркетинг бөлімінің басшысы Максим Пасечный.
Көрмеге 40 түрлі торт қойылды. Тәтті тағамның әрқайсысы ерекше безендірілген. Қуыршақтар мен сүйкімді аңдар, табиғат пен киіз үй, ертегілер кейіпкерлері мен тіпті киімдер де бейнеленген.
"Торттар топтамасынан басқа жобаның тағы бір ерекшелігі - дәм тату және шеберлік сыныбы болды. Мастикамен мүсіндеу бойынша қызықты мастер-класс өткіздік, сондай-ақ әрбір келушіге өзінің шағын тортын жасауға мүмкіндік бердік. Біздің мақсатымыз - келушілерге бұл еңбектің маңыздылығын көрсету", - дейді Максим Пасечный.
Көрме 16 сәуірге дейін жұмыс істейді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ерекше көрме Алматыдан соң астаналық көрерменге жол тартады.