https://sputnik.kz/20230326/almatyda-dosyn-oltirdi-dep-ayyptalgan-zhasospirim-aqtaldy--alqabiler-sheshimi-33268361.html
Алматыда досын өлтірді деп айыпталған жасөспірім ақталды – алқабилер шешімі
Алматыда досын өлтірді деп айыпталған жасөспірім ақталды – алқабилер шешімі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Алматыда досын өлтіргені үшін айыпталған жасөспірім ақталды. Қылмыстық іс мамандырылған ауданаралық сотында алқабилердің... 26.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-26T15:47+0500
2023-03-26T15:47+0500
2023-03-26T15:48+0500
өңірлер
сот
жасөспірім
достар
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:53:1280:773_1920x0_80_0_0_974041005514cf0b20fba383cdfc1341.jpg
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Алматыда досын өлтіргені үшін айыпталған жасөспірім ақталды. Қылмыстық іс мамандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен қаралды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Сот материалдарына сәйкес, кәмелетке толмаған екі достың арасында қарызға байланысты жанжал туындаған. Арты төбелеске ұласқан. Сол кезде сотталушы досын аяқкиімінің бауымен тұншықтырып өлтірген. Сосын банк картасын ұрлап, дүкенде 28 000 теңгесін жұмсаған.Жасөспірім қамауға алынғаннан кейін өз кінәсін мойындады. Басқа айғақтар да болды. Атап айтқанда, кроссовка бауында сотталушының ДНҚ іздері табылды. Төлем картасымен сатып алынған затардың құжаты болған.Сот кезінде прокурор жасөспірімді 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал сотталушы өз кінәсін мойындамайтынын мәлімдеді. Бас кезінде оған қысым жасалғанын айтты. Қылмыс кезінде ойын алаңында жүргенін және оны басқа балалар көргенін жеткізді. Куәгерлер оның ойын алаңында бірге болғанын растады. Сондай-ақ, сотталушы жәбірленуші банк картасын өзі бұрын беріп қойғанын жеткізді. Алқабилер жасырын дауыс берді. Нәтижесінде жасөспірім кісі өлтіру және ұрлық үшін кінәлі емес деп танылды. Олар сотталушының қылмыс жасауға қатысқаны туралы айғақтар жоқ деген шешімге келді. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Сотталушыға қысым жасалғаны туралы мәлімет расталмады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_03da4e92d0ad1f0f6bc1c5c5ce1d2c7b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сот, жасөспірім, достар
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Алматыда досын өлтіргені үшін айыпталған жасөспірім ақталды. Қылмыстық іс мамандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен қаралды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Сот материалдарына сәйкес, кәмелетке толмаған екі достың арасында қарызға байланысты жанжал туындаған. Арты төбелеске ұласқан. Сол кезде сотталушы досын аяқкиімінің бауымен тұншықтырып өлтірген. Сосын банк картасын ұрлап, дүкенде 28 000 теңгесін жұмсаған.
Жасөспірім қамауға алынғаннан кейін өз кінәсін мойындады. Басқа айғақтар да болды. Атап айтқанда, кроссовка бауында сотталушының ДНҚ іздері табылды. Төлем картасымен сатып алынған затардың құжаты болған.
Сот кезінде прокурор жасөспірімді 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал сотталушы өз кінәсін мойындамайтынын мәлімдеді. Бас кезінде оған қысым жасалғанын айтты.
Қылмыс кезінде ойын алаңында жүргенін және оны басқа балалар көргенін жеткізді. Куәгерлер оның ойын алаңында бірге болғанын растады.
Сондай-ақ, сотталушы жәбірленуші банк картасын өзі бұрын беріп қойғанын жеткізді. Алқабилер жасырын дауыс берді.
Нәтижесінде жасөспірім кісі өлтіру және ұрлық үшін кінәлі емес деп танылды. Олар сотталушының қылмыс жасауға қатысқаны туралы айғақтар жоқ деген шешімге келді. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Сотталушыға қысым жасалғаны туралы мәлімет расталмады.