Жалған терроризмнің саны 2020 жылмен салыстырғанда үш есе өсті – Сағымбаев

© Photo : Пресс-служба комитета национальной безопасности Казахстана Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің төсбелгісі
Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің төсбелгісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 25 наурыз – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев Терроризмге қарсы орталықтың отырысын өткізді, депхабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Сағымбаев Қазақстанда "жалған терроризмнің" саны 2020 жылмен салыстырғанда үш есе өскенін атап өтті. Ол анонимді хабарламалар көп жағдайдаинтернет арқылы таратылатынына ерекше назар аударды.
Осыған ұқсас фактілерге қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру мақсатындаведомствоаралық іс-шаралар жоспары әзірленді және отырыста бекітілді.
"Отырыста қосымша терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешу мақсатында арнаулы және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимыл мәселелері қаралды", - делінген хабарламада.
Ермек Сағымбаев жедел іс-шараларды өткізуге жұмылдырылған басшылар мен лауазымды тұлғалардың біліктілігін үнемі көтеру, террористік қылмыстарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру жүргізу бойынша ақпаратты және тәжірибені алмасу механизмдерін жетілдіру қажеттілігіне тоқталды.
Ұйымдасқан қылмыстық топтың 13 мүшесі ұсталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2023
Ұйымдасқан қылмыстық топтың 13 мүшесі ұсталды – ҰҚК
Жаңалықтар
0