Өңірлер

Түркістанда жаңа саябақ ашылды

© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской области Түркістанда жаңа саябақ ашылды
Түркістанда жаңа саябақ ашылды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 25 наурыз – Sputnik. Түркістанда "Отбасы" саябағы ашылды.
"Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековпен кездесуінде Яссы секторының тұрғындары осындай өтініш жасаған. Жұмыс жүргізіліп, бұл секторда саябақ салынды", - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Жаңа саябақтың жалпы ауданы - 0,44 гектар. 3 785 шаршы метр жаяу жүргіншілер жолы, 386 шаршы метр велосипед жолы бар.
Тұрғындар стадионды, балалар алаңын, стритворкаут алаңын пайдалана алады.
Саябаққа 150 ағаш пен 300 гүл көшеті отырғызылды. Келушілерге ыңғайлы болу үшін 30 орындық орнатылған, 224 шаршы метр болатын көлік тұрағы бар.
Девушка закрыла лицо руками, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2023
Түркістанда 6-қабаттан құлаған қыздың туыстары оны балконнан лақтырып жібергенін айтты
Жаңалықтар
0