Экономика

ЕАЭО елдерімен сауда: 1 сәуірде ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу міндеті енгізіледі

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуЖүк көлігі
Жүк көлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 25 наурыз – Sputnik. 1 сәуірден бастап Қазақстанда ЕАЭО елдерімен өзара сауда-саттық жүргізу кезінде ілеспе жүкқұжаттарын рәсімдеу міндеті енгізіледі, деп хабарлайды мемлекеттік кірістер комитеті.
Ресми мәліметке сәйкес, осы саладағы пилоттық жоба 2020 жылы қолға алынған болатын. Содан бері ілеспе жүкқұжаттардың тиімділігі толығымен дәлелденді. Бизнесмендер де қарсы емес.
Комитеттің әкімшілендіру депаратментінің директоры Қабыр Ысмағұловтың айтуынша, ілеспе жүкқұжаттары электронды форматта шекарға дейін рәсімделеді. Ол үшін электронды цифрлық қолтаңба қажет.
"Соның арқасында жалған тұлағалар, банкрот болған және кәсібі тоқтатылған адамдардың атына құжат рәсімдеуге жол берілмейді. Осылайша, жаңа жүйе шекара арқылы өтетін тауарларды бақылау шараларын автоматтандыруға мүмкіндік беріп отыр", - дейді Ысмағұлов.
Айта кетері, 1 сәуірден бастап виртуалды қойманың қолдану міндеті де енгізіледі. Оған бірнеше тауар жатады:
тоңазытқыш
мұздатқыш
мұнай өнімдері
алкоголь өнімдері.
ЕАЭО аумағында барлық тауар бойынша импорт пен экспортына ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу қажет. Ал Қазақстан ішінде тауарларды сату кезінде тауарлардың тек 3 санаты бойынша ілеспе жүкқұжаттарын боулы шарт.
Жаңалықтар
0