Оқиға

БҚО-да тасжолда болған апат салдарынан үш адам көз жұмды

© Sputnik / Абзал КалиевТасжол
Тасжол - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 25 наурыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында тіркеме ағытылып кетіп көлікке соғылды. Оқиға орнында үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды "Мой ГОРОД" порталы.
Жол апаты "Орал-Атырау" тасжолының 308-шақырымында болған. "ГАЗель" маркалы көліктің тіркемесі ағытылып, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Toyota Camry көлігінің жүргізуішісі рөлді бұрып үлгермеген. Екеуі бетпе-бет соқтығысқан.
Toyota-ның 27 жастағы жүргізушісі, сондай-ақ, 22 және 42 жастағы жолаушылар оқиға орнында қайтыс болды. Екі адам жарақат алды. 44 және 32 жастағы жолаушылар Ақжайық аудандық ауруханасына шұғыл жеткізілді.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы ("Көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiкті пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Айта кетері, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет үшін бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Алматының Алатау ауданында жол апаты болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2023
Алматыда көлік көпірден ұшып түсті
Жаңалықтар
0