Елорда тынысы

Астанада сүйіктісін таңғалдырмақ болған көлік жуушы 2 темір тұлпар ұрлады

© pixabayКөлік
Көлік - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 25 наурыз – Sputnik. Астанада жұмыс орнынан екі көліктің айдап кеткен жас жігіт ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz порталы.
Көлік жуушы түнгі уақытта алдымен Chevrolet Cobalt-ты алып, қызына қаланы көрсеткен. Бірақ Шарль де Голль көшесінде көлік оталмай қалған. Жас жігіт жұмыс орнына қайта барып, Hyundai Accent мініп кеткен.
Бұл жолы қызына бармай, бірден алыстағы ауылына жол тартқан. Сол кезде Майлин көшесіндегі автожуу қызметінің әкімшісі полицияға арыз түсірген. Тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларынан қарап, көлік ұрлаған жігіттің қай жаққа кеткенін анықтады. Кейін Ақмола облысындағы әріптестеріне хабар берген.
Степняк ауылының 25 жастағы тұрғыны ұсталып, қамауға алынды.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 200-бабы ("көлiкті жымқыру мақсатынсыз иеленіп алу") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Осы қылмыс үшін 3 000 айлық есептiк көрсеткiшке (10 350 000 теңге) дейiнгi айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту қарастырылған. Бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар, я болмаса, бec жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасына тартылуы да мүмкін.
Жаңалықтар
0