https://sputnik.kz/20230324/toqaev-astana-qarzhy-ortalygynyn-basqarushysyn-qabyldady-33243738.html
Тоқаев "Астана" қаржы орталығының басқарушысын қабылдады
Тоқаев "Астана" қаржы орталығының басқарушысын қабылдады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады, деп хабарлады... 24.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-24T18:00+0500
2023-03-24T18:00+0500
2023-03-24T18:01+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/0c/30270116_0:49:1280:769_1920x0_80_0_0_37c9c8cdcc97a60cb3f749b0e46adb41.jpg
АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Президентке "Астана" халықаралық қаржы орталығының инновациялық қаржы өнімдері мен қызметтерді дамыту, еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру, сондай-ақ АХҚО-ның жаңарған даму стратегиясы аясында негізгі бизнес-серіктестермен өзара байланыс жұмыстары туралы мәлімет берілді.Мемлекет басшысына орнықты қаржыландыру құралдарының аясын одан әрі кеңейту және еліміздің көмірсутегі бейтараптығына жету мақсатын қаржыландыруды жүзеге асырудағы Орталықтың рөлі жөнінде баяндалды.Қасым-Жомарт Тоқаев шетелден инвестиция тарту үшін қажетті инфрақұрылым құрып, жағдай жасауда, сондай-ақ қор нарығы мен ел экономикасын дамытуда АХҚО-ның маңызды рөл атқаратынын атап өтті.Кездесу соңында президент Орталықтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттігіне, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік дәлізі секілді маңызды инфрақұрылым жобаларына ауқымды инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай жасау керек екеніне назар аударды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/0c/30270116_96:0:1185:817_1920x0_80_0_0_b69cae12a9404c8af88e23c670eb00f6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев "Астана" қаржы орталығының басқарушысын қабылдады
18:00 24.03.2023 (жаңартылды: 18:01 24.03.2023) АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Президентке "Астана" халықаралық қаржы орталығының инновациялық қаржы өнімдері мен қызметтерді дамыту, еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру, сондай-ақ АХҚО-ның жаңарған даму стратегиясы аясында негізгі бизнес-серіктестермен өзара байланыс жұмыстары туралы мәлімет берілді.
Мемлекет басшысына орнықты қаржыландыру құралдарының аясын одан әрі кеңейту және еліміздің көмірсутегі бейтараптығына жету мақсатын қаржыландыруды жүзеге асырудағы Орталықтың рөлі жөнінде баяндалды.
Қасым-Жомарт Тоқаев шетелден инвестиция тарту үшін қажетті инфрақұрылым құрып, жағдай жасауда, сондай-ақ қор нарығы мен ел экономикасын дамытуда АХҚО-ның маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Кездесу соңында президент Орталықтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттігіне, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік дәлізі секілді маңызды инфрақұрылым жобаларына ауқымды инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай жасау керек екеніне назар аударды.