Теміртауда баланы өлтірді деген күдікпен 24 жастағы жігіт ұсталды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуНаручники
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Теміртау қаласында екі жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды.
24 жастағы күдікті кінәсін мойындады, деп хабарлады Polisia.kz.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетейік, 23 наурыз күні қаладағы пәтерлердің бірінен баланың мәйіті табылғаны хабарланған болатын. Баланың анасымен бірге тұратын 24 жастағы азамат күдікке ілінді.
Жаңалықтар
0