https://sputnik.kz/20230324/sot-zhurnalist-makhambet-abzhan-ukim-33225210.html
Сот журналист Махамбет Әбжанға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды
Сот журналист Махамбет Әбжанға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды
Sputnik Қазақстан
Ақпан айында сот үкімімен Әбжан 9 жылға бас бостандығынан айырылған болатын 24.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-24T13:13+0500
2023-03-24T13:13+0500
2023-03-24T13:13+0500
қоғам
үкім
https://sputnik.kz/img/07e6/03/0e/23504479_0:0:3067:1725_1920x0_80_0_0_90af344d08fc31a7d400308b94e66738.jpg
АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Журналист Махамбет Әбжанға қатысты үкім заңды күшіне енді, деп хабарлайды Астана қаласы сотының баспасөз қызметі.Бұған дейін хабарланғандай, 2023 жылғы 3 ақпанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты БАҚ-ты пайдаланып, ірі залал келтіруге әкеп соққан көрінеу жалған ақпарат тарату (ҚК-нің 274-бабы 3-бөлігі) және аса ірі мөлшерде бопсалау фактілері бойынша (ҚК-нің 194-бабы 4-бөлігі 2) тармағы) Махамбет Абжанға үкім шығарды.Абжан қылмыстардың жиынтығы бойынша 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Ол жазасын төтенше қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.Абжанның іс-әрекетінен қауіпті қылмыстың қайталанғаны анықталды.Еске салсақ, сот анықтағандай, Махамбет Әбжан "Abzhan news" телеграмм-каналының иесі және авторы болған кезде 2022 жылғы маусымнан шілдеге дейін БАҚ-ты пайдалана отырып, "Астана-өңірлік электржелілік компаниясы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Г.Қожабаевқа, "Астана Жылу транзиті" басқарма төрағасының орынбасары К.Мукинге және Рашит Махатқа (жеке кәсіпкер) қатысты көрінеу жалған мәліметтер жариялаған.Сондай-ақ, ол Рашит Махаттан 50 млн теңге ақша бопсалаған.
https://sputnik.kz/20230203/zhurnalist-makhambet-abzhan-9-zhylga-bas-bostandygynan-ayyryldy-31745055.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/0e/23504479_92:0:2821:2047_1920x0_80_0_0_452c4c5c0b994dbc6326ed8899f95edb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкім
Сот журналист Махамбет Әбжанға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды
Ақпан айында сот үкімімен Әбжан 9 жылға бас бостандығынан айырылған болатын
АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Журналист Махамбет Әбжанға қатысты үкім заңды күшіне енді, деп хабарлайды Астана қаласы сотының баспасөз қызметі.
Бұған дейін хабарланғандай, 2023 жылғы 3 ақпанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты БАҚ-ты пайдаланып, ірі залал келтіруге әкеп соққан көрінеу жалған ақпарат тарату (ҚК-нің 274-бабы 3-бөлігі) және аса ірі мөлшерде бопсалау фактілері бойынша (ҚК-нің 194-бабы 4-бөлігі 2) тармағы) Махамбет Абжанға үкім шығарды.
Абжан қылмыстардың жиынтығы бойынша 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Ол жазасын төтенше қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.
Абжанның іс-әрекетінен қауіпті қылмыстың қайталанғаны анықталды.
"Сотталған адам мен оның қорғаушылары осы үкіммен келіспей, сот актісіне апелляциялық тәртіппен шағымданып, Абжанды ақтауды сұрады. Сот актісінің күшін жоюға немесе өзгертуге негіз болмағандықтан, үкім өзгеріссіз қалдырылды және заңды күшіне енді", - деп мәлімдеді қалалық сот.
Еске салсақ, сот анықтағандай, Махамбет Әбжан "Abzhan news" телеграмм-каналының иесі және авторы болған кезде 2022 жылғы маусымнан шілдеге дейін БАҚ-ты пайдалана отырып, "Астана-өңірлік электржелілік компаниясы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Г.Қожабаевқа, "Астана Жылу транзиті" басқарма төрағасының орынбасары К.Мукинге және Рашит Махатқа (жеке кәсіпкер) қатысты көрінеу жалған мәліметтер жариялаған.
Сондай-ақ, ол Рашит Махаттан 50 млн теңге ақша бопсалаған.