https://sputnik.kz/20230324/ridder-zhylu-ortalygy-548-mln-tengeni-maqsatsyz-zhumsagan--bas-prokuratura-33221054.html
Риддер жылу орталығы 548 млн теңгені мақсатсыз жұмсаған – Бас прокуратура
Риддер жылу орталығы 548 млн теңгені мақсатсыз жұмсаған – Бас прокуратура
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Прокуратура Риддер қаласының жылу энергиясын тұтынушылардың құқықтарын қорғады, деп хабарлайды Бас прокуратура. 24.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-24T12:49+0500
2023-03-24T12:49+0500
2023-03-24T12:49+0500
риддер
жылу электр орталығы
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/1d/29828057_0:126:2869:1740_1920x0_80_0_0_6d3321b2daf7de21f7b1473dfcd07672.jpg
АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Прокуратура Риддер қаласының жылу энергиясын тұтынушылардың құқықтарын қорғады, деп хабарлайды Бас прокуратура. Былтыр қарашада Риддердегы жылу орталығында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалған болатын. Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп, кәсіпорын қызметіне тексеру жүргізді. Нәтижесінде "Риддер ЖЭО" АҚ-ның техникалық жай-күйі сын көтермейтіні анықталды. Кәсіпорында 240-тан астам заңнама бұзылған. Салдарынан ЖЭО 11 млн. теңгеден астам айыппұл салынды. "Риддер ЖЭО" АҚ жылу энергиясын тиісті деңгейде жеткізбегендіктен және сапалы жылу бермегені үшін төлемді қайта есептеді. Нәтижесінде 21 мыңнан астам тұтынушыға 63,3 млн теңге залал өтелді. Сондай-ақ тексеру барысында тарифтік смета мен инвестициялық бағдарламаның 548 млн. теңге қаражатын мақсатсыз жұмсау туралы табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзу фактісі анықталды", - деп мәлімдеді ведомство. "Риддер ЖЭО" АҚ үшін 2023 жылғы 1 сәуірден бастап 2024 жылғы 31 наурызға дейін халыққа тарифті 18%-ға төмендетіп, уақытша өтемдік тариф бекітті.
риддер
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/1d/29828057_595:710:2379:2048_1920x0_80_0_0_ad8ebed15331e2c372aded45f51ce8b4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
риддер, жылу электр орталығы
риддер, жылу электр орталығы
Риддер жылу орталығы 548 млн теңгені мақсатсыз жұмсаған – Бас прокуратура
АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Прокуратура Риддер қаласының жылу энергиясын тұтынушылардың құқықтарын қорғады, деп хабарлайды Бас прокуратура.
Былтыр қарашада Риддердегы жылу орталығында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалған болатын. Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп, кәсіпорын қызметіне тексеру жүргізді.
Нәтижесінде "Риддер ЖЭО" АҚ-ның техникалық жай-күйі сын көтермейтіні анықталды. Кәсіпорында 240-тан астам заңнама бұзылған. Салдарынан ЖЭО 11 млн. теңгеден астам айыппұл салынды.
"Риддер ЖЭО" АҚ жылу энергиясын тиісті деңгейде жеткізбегендіктен және сапалы жылу бермегені үшін төлемді қайта есептеді. Нәтижесінде 21 мыңнан астам тұтынушыға 63,3 млн теңге залал өтелді. Сондай-ақ тексеру барысында тарифтік смета мен инвестициялық бағдарламаның 548 млн. теңге қаражатын мақсатсыз жұмсау туралы табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзу фактісі анықталды", - деп мәлімдеді ведомство.
"Риддер ЖЭО" АҚ үшін 2023 жылғы 1 сәуірден бастап 2024 жылғы 31 наурызға дейін халыққа тарифті 18%-ға төмендетіп, уақытша өтемдік тариф бекітті.