Қазақстандық мерген қыз Әлем кубогының қола жүлдегері атанды

Александра Ле  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 24 наурыз – Sputnik. Әлем кубогында әйелдер арасында 10 метрден пневматикалық винтовкамен оқ атудан қазақстандық Александра Ле қола медальге ие болды, деп хабарлайды спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ол бұл сайыста 261.2 ұпай жинады. Алтын қытайлық спортшының еншісінде кетсе (265.7 балл), 2-орынға Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері америкалық Мэри Такер қол жеткізді.
Үндістанның Бхопал қаласында винтовка және тапаншамен нысана көздеуден Әлем кубогы өтіп жатыр. Бұл жарысқа әлемнің 31 елінен 208 таңдаулы спортшы жиналды. Бұл қатарда 18 қазақстандық бар. Әлем кубогының кезеңі 27 наурызда аяқталады.
Жаңалықтар
0