https://sputnik.kz/20230324/prezident-birqatar-elshini-qyzmetinen-bosatty-33218609.html
Президент бірқатар елшіні қызметінен босатты
Президент бірқатар елшіні қызметінен босатты
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 24 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан елшілігінде кадрлардың ауыс-түйісі болды, деп хабарлайды Ақорда. 24.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-24T11:21+0500
2023-03-24T11:21+0500
2023-03-24T11:21+0500
елші
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/0c/30270117_0:68:1280:788_1920x0_80_0_0_a66b55e8eb8e24584faceaf8a50863c4.jpg
АЛМАТЫ, 24 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан елшілігінде кадрлардың ауыс-түйісі болды, деп хабарлайды Ақорда. Нұрбах Рүстемов Румыниядағы төтенше және өкілетті елші лауазымынан босатылды. Лауазымынан босатылғандардың бірі - Алтай Әбибуллаев. Ол Қазақстанның Хорватия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы төтенше және өкілетті елші қызметтерін бірге атқарған болатын. Бұған дейін Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестірушімі болған Ерлік Әли Қазақстанның Румыниядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Аустрия Республикасындағы төтенше және өкілетті елші, Қазақстанның Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкіл Әлібек Бақаев бұдан былай Словения Республикасындағы төтенше және өкілетті елші қызметін қоса атқаратын болды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/0c/30270117_70:0:1211:856_1920x0_80_0_0_cffc8a42bc3e8cba3c1d8c68aa124984.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
елші
Президент бірқатар елшіні қызметінен босатты
АЛМАТЫ, 24 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан елшілігінде кадрлардың ауыс-түйісі болды, деп хабарлайды Ақорда.
Нұрбах Рүстемов Румыниядағы төтенше және өкілетті елші лауазымынан босатылды.
Лауазымынан босатылғандардың бірі - Алтай Әбибуллаев. Ол Қазақстанның Хорватия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы төтенше және өкілетті елші қызметтерін бірге атқарған болатын.
Бұған дейін Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестірушімі болған Ерлік Әли Қазақстанның Румыниядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.
Аустрия Республикасындағы төтенше және өкілетті елші, Қазақстанның Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкіл Әлібек Бақаев бұдан былай Словения Республикасындағы төтенше және өкілетті елші қызметін қоса атқаратын болды.