https://sputnik.kz/20230324/oqushy-qara-zhorga-robot-33231414.html
Бесінші сынып оқушысы "Қара жорға" билейтін робот жасап шығарды – видео
Бесінші сынып оқушысы "Қара жорға" билейтін робот жасап шығарды – видео
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Кентау қаласында №23 орта мектептің 5-сынып оқушысы Аружан Смайл "Қара жорға" биін билейтін робот ойлап тапты, деп хабарлайды... 24.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-24T14:32+0500
2023-03-24T14:32+0500
2023-03-24T14:32+0500
білім
оқушы
робот
https://sputnik.kz/img/300/36/3003661_0:240:4608:2832_1920x0_80_0_0_b243cf800fe091eb0428071393cdd4a7.jpg
АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Кентау қаласында №23 орта мектептің 5-сынып оқушысы Аружан Смайл "Қара жорға" биін билейтін робот ойлап тапты, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.Аружан Оқушылар сарайындағы робототехника үйірмесіне қатысады. Жас өнертапқыш тәлімгерінің жетекшілігімен биші құлтемір жасады."Басты мақсатымыз – "Арқан тарту", "Көкпар", " Теңге алу" секілді қазақтың ұлттық ойындарын техникалық саламен ұштастыру және өскелең ұрпақтың қызығушылығын арттыру, оларға жол ашу",– дейді тәлімгер Ақниет Елемесова.Оқушы қыз "Қара жорға" билейтін ерекше роботты Наурыз мейрамында көпшілікке көрсетті. Аружанның айтуынша, үйірмеге алғаш қатысқаннан кейін робототехникаға деген қызығушылығы артқан. Ол ұлттық дәстүрлерді насихаттауға бағытталған жоба жасағысы келіп, ойын жүзеге асырды.Аружан робототехникада ғана емес, жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндерден де озат оқушы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/300/36/3003661_256:0:4352:3072_1920x0_80_0_0_509543c08e32a0bff8ca1cbc92ccb37f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оқушы, робот
АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Кентау қаласында №23 орта мектептің 5-сынып оқушысы Аружан Смайл "Қара жорға" биін билейтін робот ойлап тапты, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Аружан Оқушылар сарайындағы робототехника үйірмесіне қатысады. Жас өнертапқыш тәлімгерінің жетекшілігімен биші құлтемір жасады.
"Басты мақсатымыз – "Арқан тарту", "Көкпар", " Теңге алу" секілді қазақтың ұлттық ойындарын техникалық саламен ұштастыру және өскелең ұрпақтың қызығушылығын арттыру, оларға жол ашу",– дейді тәлімгер Ақниет Елемесова.
Оқушы қыз "Қара жорға" билейтін ерекше роботты Наурыз мейрамында көпшілікке көрсетті.
Аружанның айтуынша, үйірмеге алғаш қатысқаннан кейін робототехникаға деген қызығушылығы артқан. Ол ұлттық дәстүрлерді насихаттауға бағытталған жоба жасағысы келіп, ойын жүзеге асырды.
Аружан робототехникада ғана емес, жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндерден де озат оқушы.