Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АҚШ Украинаға "Абрамс" танктерін жөнелту мерзімін өзгертті

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуМеждународные военные учения "Summer Shield XIV" в Латвии
Международные военные учения Summer Shield XIV в Латвии - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2023
Жазылу
Ресей әскерінің арнайы әскери операция аймағындағы шабуыл әрекеттері, НАТО-ның Еуропадағы арсеналдарының босауы және Украина Қарулы күштерінің жауынгерлік қабілетінің бәсеңдеуі АҚШ-ты Киев режиміне Abrams танктерін жіберуді тездетуге мәжбүлейді. Бірақ Украинадағы әскери іс-қимылдар театрындағы M1A1 нұсқасының ескірген отызға жуық машинасы ахуалды өзгертпейді, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Пентагон Украинаның Abrams танктерін бастапқыда жоспарланғандай 2024 жылдың басында емес, 2023 жылдың күзінде алатынын хабарлады. Сондықтан бұрын уәде етілген M1A2 модификациясының жаңа танктерінің орнына америкалықтар АҚШ армиясының паркінен Украина Қарулы күштеріне қолданыста болған M1A1 нұсқасындағы корпустары жөнделген техниканы жібереді. Бұл машиналар 32 жыл бұрын "Шөлдегі дауыл" операциясына қатысқан.
Пентагонның баспасөз хатшысы Пэт Райдердің айтуынша, M1A1 Abrams танктерінің мүмкіндіктері M1A2 нұсқасына өте ұқсас болады, оның ішінде "озық қару жүйелері" - 120 миллиметрлі зеңбірек пен калибрі 12,7 миллиметр пулемет бар. Бұл модификацияда уранды бронь жоқ, бірақ стандартты M1A1 Abrams танктерінде азайтылған уран ядросы бар құрыш тесіп өтетін және 3500 метрге дейінгі тиімді зақымдау қашықтығы бар M829 снарядтары қарастырылған. 40 снарядтан тұратық оқ-дәрі жинағында сондай-ақ шағын, яғни 3000 метр қашықтыққа дейін ұшатын кумулятивті М830, құрыш тесетін әрі фугасты M908 және ірі бытыралы M1028 снарядтары бар.
"Танкке қарсы зымыран жүйесі (ТҚЗЖ) және оқтау автоматы жоқ. Төртінші экипаж мүшесі автомат ретінде әрекет етеді және бұл НАТО танктері үшін ортақ технологиялық проблемаға айналды. Бұрын уәде етілген M1A2 танктері командир мен жүргізушіге арналған жылуға ден қою оптикасымен жабдықталған және бұл экипаждың жағдайдан хабардар болуын қамтамасыз етеді. Украина Қарулы күштері үшін "Абрамс" қаруын басқару жүйесі мүмкіндігінше жеңілдетіліп, бортта тек лазерлік қашықтық өлшегіш пен зеңбірек атуға арналған электронды баллистикалық есептеуіш қалуы мүмкін", - деп жазды Хроленко.
M1A1 Abrams танктерінің негізгі техникалық сипаттамалары америкалық қарудың мінсіздігі туралы тараған ақпаратты жоққа шығарады. Жауынгерлік салмағы – 63 тонна, өте ауыр көлік, оған кез келген көпір төтеп бере алмайды. Танктің корпусы мен мұнарасы дәнекерленген. Мұнараның үстіңгі құрышының қалыңдығы небәрі 38 миллиметр, ал корпустың 30 миллимтерлі борты жауынгерлік бөлімнің аймағында 32 миллиметрлі құрышпен қосымша күшейтілген. Динамикалық қорғанысы жоқ. 1500 ат күші бар газ турбиналы қозғалтқыш ең жоғарғы жылдамдықты 72 км/сағ дейін үдетуге мүмкіндік береді. Тас жолдағы толы бакпен (1900 литр) жүріс қоры – 440 километр.
Әскери шолушы америкалық Abrams пен ресейлік Т-90М танктерін салыстырып жазған. Оның пікірінше, НАТО танктерінің мүмкіндіктері тым асыра жоғары бағаланып көрсетілген. Украинадағы әскери іс-қимылдар театрында америкалық Abrams пен ресейлік Т-90М танктерінің ықтимал қақтығысы батыс қаружарағына қатысты тараған аңызды жоққа шығарады. "Прорыв" арнайы әскери операция аймағында өзін үздік танк ретінде танытты. РФ Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевтің Т-90М машинасын "әлемдегі ең үздік танк" деп атауы бекер емес.
Ресейлік Т-90М "Прорыв" негізгі жауынгерлік танкі жауынгерлік қуаты, нысана алу қашықтығы, жылдамдығы мен маневрлігі жағынан НАТО-дағы баламаларынан асып түседі. Т-90М-нің негізгі қаруы – тегіс ұңғылы 125 миллиметрлі зеңбірек. Оның тиімді көздеу қашықтығы 4000 метрге дейін (баллистикалық траектория бойынша жарықшақ-фугасты снарядтармен – 10 мың метрге дейін). Дәл сол зеңбірек лазермен көзделетін Reflex танкке қарсы басқарылатын зымыранмен 5000 метр қашықтықта нысанаға дөпи тиеді. Еске салсақ, "Абрамс" пен НАТО-ның басқа танктеріндегі зеңбіректің тиімді қашықтығы 3500 метрден аспайды.
"Жоғары жауынгерлік сипаттамалары экспорттық Т-90МС танкін әлемдегі ең танымал техникаға айналдырды. Машинаны Әзербайжан, Алжир, Армения, Вьетнам, Түрікменстан, Уганда, Ирак армияларында сәтті пайдаланылады. Кувейт пен Сауд Арабиясы да назар аударып отыр. Ресейлік Т-90 соңғы жылдары 2 000 данадан астам көлемде шығарылды. Лицензияланған өндіріс Үндістанда да ретке келтірілді. Мысыр 500 дана Т-90М құрастыратын өз зауытын ашуды жоспарлап отыр. Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігінде мұндай жүздеген көлік бар және паркті үнемі кеңейтіп отырады", - деп жазды ресейлік әскери сарапшы.
1991 жылғы "Шөлдегі дауыл" операциясы 18 дана "Абрамс" үшін соңғы операция болды. Иракта M1A1 модификациясындағы екі мыңнан астам Abarms танктерін ұзақ мерзімді жауынгерлік пайдалану газ турбиналық қозғалтқыштың өте сенімсіздігін көрсетті. Себебі машиналар шаңнан жаппай істен шықты.
Ирактағы соғыс кезінде (2003-2011) Abrams танктері айтарлықтай шығынға ұшырады. Алғашқы екі жылда 1135 дана "Абрамс" танкінен тұратын америкалық парктің 70 пайызы қиратылды және зақымданды. Кейіннен АҚШ Ирак армиясына 140 дана M1A1 Abrams танкін берді. Бірақ 2016 жылдың соңына қарай "жиһадшылар" 47 көлікті жойды.
"Абрамстың" заманауи модификациялары ұрыс алаңында өте осал болып шықты, дейді Хроленко. Сауд Арабиясы 2015 жылы Йеменнің хуситтерге қарсы жасақтарына ондаған дана M1A2S танкін сыйға тартты. Бір жыл ішінде көтерілісшілер Сауд Арабиясының 20 машинасын, оның ішінде үш M1A2S Abarms танкін танкке қарсы басқарылатын зымыран арқылы жойды.
" Leopard 2A4 алғашқы неміс танктерінің Украинадағы әскери іс-қимылдар теарында пайда болуы ресейлік әскердің оқ ату, тактикалық және стратегиялық үстемдігіне әсер еткен жоқ. Еске салсақ, Сирияда "жиһадшылар" бір ғана Эль-Баб қаласы үшін болған шайқаста 10 дана Leopard 2A4 танкісін кеңестік "Фагот" және "Конкурс" танкіге қарсы зымыран кешендерімен жойды", - деп жазды Хроленко.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы
Жаңалықтар
0