https://sputnik.kz/20230324/aqmola-oblysynda-zhogalyp-ketken-ayel-tabyldy-33241461.html
Ақмола облысында жоғалып кеткен әйел табылды
Ақмола облысында жоғалып кеткен әйел табылды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 24 наурыз – Sputnik. Ақмола облысында 10 күн бұрын жоғалып кеткен әйел табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 24.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-24T16:31+0500
2023-03-24T16:31+0500
2023-03-24T16:31+0500
ақмола облысы
https://sputnik.kz/img/07e5/07/10/17620377_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_0d0f0b76c7c8af78f6a5d4b5007685b9.jpg
АЛМАТЫ, 24 наурыз – Sputnik. Ақмола облысында 10 күн бұрын жоғалып кеткен әйел табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.Қосшы ауылының тұрғыны 10 күн бұрын жоғалып кеткен әйелін тауып беруді өтініп, 20 наурызда полицияға өтініш айтқан. Ер адамның айтуынша, 12 наурызда 34 жастағы әйелі түнгі сағат 23:00 шамасында үйден шығып кетіп, содан қайтып оралмаған. Әйелдің кәмелетке толмаған 3 баласы бар.Криминалдық полиция қызметкерлері мен басқа да қызметтер тайлы-тұяғы қалмай, әйелді екі күн бойы іздеген. Жоғалған әйелдің таныстары мен көшедегі адамдардан сұрастырылды. Ақыры ауқымды іздеу жарияланған. Көп ұзамай ол 22 наурызда "Лесная поляна" тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің бірінен табылды."Қазіргі уақытта ювеналды полиция бөлімшесі бұл әйелді кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту немесе күтіп-бағу жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін ата-ана ретінде профилактикалық есепке және бақылауға алды", - деп мәлімдеді ведомство.
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/07/10/17620377_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_00e57b959ebf66c89a3af6c71a721447.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақмола облысы
Ақмола облысында жоғалып кеткен әйел табылды
АЛМАТЫ, 24 наурыз – Sputnik. Ақмола облысында 10 күн бұрын жоғалып кеткен әйел табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қосшы ауылының тұрғыны 10 күн бұрын жоғалып кеткен әйелін тауып беруді өтініп, 20 наурызда полицияға өтініш айтқан. Ер адамның айтуынша, 12 наурызда 34 жастағы әйелі түнгі сағат 23:00 шамасында үйден шығып кетіп, содан қайтып оралмаған. Әйелдің кәмелетке толмаған 3 баласы бар.
Криминалдық полиция қызметкерлері мен басқа да қызметтер тайлы-тұяғы қалмай, әйелді екі күн бойы іздеген. Жоғалған әйелдің таныстары мен көшедегі адамдардан сұрастырылды. Ақыры ауқымды іздеу жарияланған. Көп ұзамай ол 22 наурызда "Лесная поляна" тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің бірінен табылды.
"Қазіргі уақытта ювеналды полиция бөлімшесі бұл әйелді кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту немесе күтіп-бағу жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін ата-ана ретінде профилактикалық есепке және бақылауға алды", - деп мәлімдеді ведомство.