Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ұлыбритания Украинаға уранды снарядтарды жеткізу туралы мәлімдеді

© Sputnik / Елена БережнаяЗамеры радиации на территории заброшенных урановых рудников показывают, что находиться здесь опасно для здоровья
Замеры радиации на территории заброшенных урановых рудников показывают, что находиться здесь опасно для здоровья - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2023
Жазылу
Ұлыбританияның Украина Қарулы күштеріне азайтылған уран бар снарядтарды жеткізу туралы бастамасы Батыстың украин жеріндегі әскери іс-қимылдар театрында тығырыққа тірелгенін және көпполярлы әлемнің қалыптасуын білдіреді, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Ресейлік күштердің арнайы әскери операция аймағындағы, яғни Артемовск, Авдеевка және Северск аудандарындағы жетістіктері, Ресей – Қытай ынтымақтастығын нығайту және Ресей Федерациясын "жаһандық оңтүстік" елдерінің айтарлықтай қолдауы дауылды АҚШ пен оның одақтастарының наразылығын тудырды.
Пентагон мен альянстың арсеналдары тез азайып жатыр. Гаага сотының Ресейге қарсы шешімін адамзаттың басым бөлігі қолдамады. Батыс елдерінде азаматтардың көзі ашыла бастады, ал Румыния парламенті НАТО-дан шығуды ұсынды. Осындай шиеленіс кезінде Ұлыбритания Украинаға Challenger-2 танктерінің ойық ұңғылы қаруынаарналған азайтылған уран бар L26A1 және L27A1 снарядтарын жіберетінін мәлімдеді. Жеткізудің шект мерзімі – наурыз айының соңы.
Ресей президенті Владимир Путин Батыстың ядролық қаруды қолдануына қатысты Ресей тарапынан реакция болатынын айтты. Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгудың айтуынша, "әлем ядролық қақтығысқа бір қадам жақындады". Бұған дейін Венадағы әскери қауіпсіздік және қару-жарақты бақылау жөніндегі келіссөзде (ЕҚЫҰ форумы) Ресей делегациясының басшысы Константин Гаврилов Мәскеу Украина Қарулы күштерінің уран бар НАТО снарядтарын қолдануын Ресейге қарсы лас ядролық бомбаларды пайдалану деп қарастыратынын атап өтті.
"Ресей Федерациясының қарулы күштерінде арнайы әскери операция аймағында британиялық уранның әскери мақсатта қолданылуына қатысты жедел әрекет ету үшін дәлдігі жоғары қарапайым және арнайы құралдардың кең спектрі бар. Ресейдің қандай қаруды қолдануы Кремльдің саяси шешімінің қаншалықты қатал болуына байланысты", - деп жазды Хроленко.
Азайтылған уран снарядтарына қатысты Ресейдің айыптауларына Ұлыбритания былай деп жауап берді: "Ұлыбритания армиясы азайтылған уран бар қару-жарақты құрыш бұзатын снарядтарда ондаған жыл бойы пайдаланып келеді. Бұл ядролық қаруға еш қатысы жоқ стандартты құрамдас бөлік".
Дегенмен, Ұлыбритания АҚШ пен Германияға өз танктеріне арналған азайтылған ураны бар оқ-дәріні Киев режиміне жеткізуге мүмкіндік беретін жағдайды орнатуды көздеп отыр. Америкалықтардың бұрын уәде етілген M1A2 орнына күзге қарай M1A1 модификациясындағы 30 Abrams танктерін жөндеу және Киевке жеткізуді мүмкіндігінше жылдамдатуы кездейсоқ емес.
Уран ядролары бар снарядтар Leopard-2, M1 Abrams, Challenger-2 танктері, Bradley және Marder жаяу әскерге арналған жауынгерлік машиналарының қатарында қызмет етеді. Металды тесіп өтетін кумулятивті оқ-дәрімген қарағанда азайтылған ураны бар металл сырық кинетикалық энергияның яғни жылдамдық, салмақ және тығыздық есебінен құрышты тиімді теседі. Уран – планетадағы ең ауыр элементтердің бірі, ал азайтылған уран – ядролық отын немесе ядролық оқтұмсықтар өндірісінің жанама өнімі.
Азайтылған ураны бар L26 және L27 Challenger-2 снарядтары 2 километр қашықтықта тиісінше 580 миллиметр және қалыңдығы 700 миллиметрге дейінгі құрышты тесіп өте алады. Америкалық баламасы M829A3 те 700 миллиметрге дейін құрышты тесе алады. T-72Б3 танкінің маңдайалды проекциясының қорғанысы 590 миллиметр, ал T-80У танкінде 780 миллиметр екенін ескеру керек. Ресейлік Т-90М танкінің қауіпсіздігі мен жауынгерлік қуаты әлдеқайда жоғары болғанымен, азайтылған ураны бар снарядтарды қолданудың қаупі басқада болып отыр.
"Ұлыбританиялық L26 және L27 құрышты тесуге арналған снарядтарды (американдық және неміс снарядтарының баламасы) пайдалану қоршаған орта мен бейбіт тұрғындар үшін ауыр зардаптарға әкеледі. Азайтылған уран ядросымен жасалған соққыдан ауаға өте улы радиоактивті бөлшектер (жартылай ыдырау кезеңі шамамен 4 миллиард жыл) таралады. Ол бөлшектер оңай жұтылатын шаң түрінде 40 километрден астам қашықтыққа таралады", - деп жазды сарапшы.
1999 жылы Югославияны "радиоактивті бомбалаудан" кейін Сербияның көптеген аумағы қаңырап бос қалды. Онкологиялық аурулардың статистика күрт өсті. Бір ғана Пчинск округінде жыл сайын 35 пен 50 жас аралығындағы 800-ге жуық (халықтың шамамен бір пайызы) адам қатерлі ісіктен қайтыс болады. Мұнда 24 жыл бұрын америкалық А-10 Thunderbolt шабуылдау ұшағы Югославия әскерлерінің позицияларына уран-238 және уран-236 бар кассеталы оқ-дәрілерді тастаған.
Солтүстік Атлантикалық альянс Югославияда 31 мыңнан астам азайтылған уран бар оқ-дәрі пайдаланды және жалпы салмағы шамамен 15 тонна. АҚШ, Италия, Чехия, Греция, Испания және Бельгиядан келген бітімгерлердің өздері де зардап шекті. Америкалық сарбаздардың Пентагонға қатысты шағымдарын Халықаралық сот қабылдамады. Италия соттары он жыл ішінде Югославияны уран оқ-дәрілерімен бомбалаудан зардап шеккен әскери қызметкерлердің 253 талап арызын қанағаттандырды.
БҰҰ-ның арнайы комиссиясы нақты себепті анықтай алмағанымен, 1999 жылы мамырда БАҚ-қа тараған БҰҰ-ның құпия есебінде азайтылған уран қаруына мынадай баға берілген: "Оқ-дәрілердің бұл түрі ядролық қалдықтар болып саналады, оны пайдалану өте қауіпті және зиян".
Иракта осы оқиға тағы қайталанды. Америкалық Military Watch Magazine басылымының хабарлауынша, 2003 жылы азайтылған уран оқ-дәрілерін қолданғаннан кейін дәрігерлер лейкемия, өкпе, ми, ұйқы безі және репродуктивті органдардың қатерлі ісігінің өршуін тіркеген. Туа біткен мутациялардың саны бірнеше есе артты.
Сондықтан азайтылған ураны бар оқ-дәрілерді Украина Қарулы күштеріне жеткізу туралы мәлімдемеге Ресей өте өткір пікірмен жауап берді. Ресей тек өз әскерінің жауынгерлері үшін ғана емес, жалпы адамзат пен қоршаған орта үшін алаңдап отырғанын түсіну керек.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0