Өңірлер

Шымкентте оқушылар жаппай уланды: министрлік түсініктеме берді

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2023
Жазылу
Қазір балалар дәрігерлердің қарауында, ал жағдай бақылауға алынды
АСТАНА, 23 наурыз – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласында мектеп оқушылары жаппай уланды деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
Шымкентте оқушылар арасында өтіп жатқан математика олимпиадасы дауға айналды. Жарысқа қатысқан он бес шақты бала улану белгісімен ауруханадан бір-ақ шыққан.
"Олимпиадаға қатысқан 904 оқушының 12-сі кешке қарай өзін жайсыз сезінген. Дене қызуы көтеріліп, асқазан-ішек жолдары функциясы бұзылған", - деп мәлімдеді оқу-ағарту министрлігі.
Куәгерлердің айтуынша, балаларды жедел жәрдеммен инфекциялық ауруханаға әкеткен.
Санитарлық дәрігерлер жасөспірімдердің улану себебін анықтап жатыр. Әлеуметтік желі қолданушылары уланған балалар саны он екіден көп деп отыр. Қалғандарын ауруханаға жатқызу қажет болмаған.
Жаңалықтар
0