Қытай мен Ресей жаңа әлем құруға ниетті

© Sputnik / Павел Быркин / Медиабанкке өтуВстреча президента РФ В. Путина и председателя КНР Си Цзиньпина
Встреча президента РФ В. Путина и председателя КНР Си Цзиньпина - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2023
Жазылу
Күні кеше биылғы жылдың басты дипломатиялық оқиғасы – Си Цзиньпиннің Ресейге үш күндік сапары аяқталды. Қытай мен Ресей басшыларының не туралы келісімге келгені әлі қызу талқыланып жатыр. Бұл талқылаулар Мәскеу мен Бейжіңде ғана емес, басқа елдерде де біршама уақыт жалғасады, деп жазды РИА Новости.
Ресей мен Қытай қазірдің өзінде "ережелерге негізделген тәртіпке" қарсы шығып, әлемдік қауымдастықтың қалай ұйымдастырылуы керектіті туралы балама көзқарас қалыптастырып жатыр. Бұл АҚШ пен оның Еурпадағы одақтастарына ұнамай жатыр.
Сондықтан ең алдымен осы келіссөзге кедергі келтіру үшін, содан кейін бұл сапар туралы жаңалықтар легін ығыстыру үшін бірнеше әрекет жасалды.
Ең алдымен Ресей президентін балалар ұрлығына қатысты айыптады. Шындығында ол балалар оқ атқылауынан құтқарылған болатын. Таратылған жалған ақпараттың ақылға қонымсыз болғаны соншалық, тіпті әлемдік қауымдастықтар оған назар аудармады. Содан кейін әлдеқайда түініксіз қадам жасалды – Киевке жапон премьері Фумио Кисида жарияланбаған сапармен келді. Бұл шығыстан келген ресми тұлғаны екінші шенеунікпен теңестірудің және Бейжіңге оның жанынд АҚШ одақтасы бар екенін еске салудың әрекеті секілді.
"Одан соң Ұлыбритания қорғаныс министрінің орынбасары Аннабель Голди Украина Қарулы күштеріне азайтылған ураны бар снарядтарды жеткізу туралы мәлімдеме жасады. Бұл Қытайдағы бейбітшілік бастамасына тікелей жауап және Мәскеудегі келіссөзден кейінгі бейбітшілікке үндеулер қабылданбайтыны туралы Ақ үйдің сөздеріне қосымша болды. Басқаша айтқанда, Батыс соғысты қалайтынын ашық мойындады", - деп жазды мақала авторы.
Мұның барлығы кездесуге кедергі бола алмады. Қытай көшбасшысы атап өткендей, "қазір соңғы жүз жылда болмаған үлкен өзгерістер жүріп жатыр. Біз бірге болсақ, ол өзгерістерді жылжыта аламыз".
"Мәскеу-23" – бұл шын мәнінде әлемнің қақтығыстан кейінгі құрылымының пішінін анықтайтын жаңа Тегеран конференциясы. Бұл Киев режиміне қарсы күрес емес, бұл Батыспен әлдеқайда маңызды текетірес. Алдағы уақытта келіссөзге қатысушылар тізімі кеңейтілуі мүмкін.
Мақалада жазылғандай, жеңіске жетер жол Украинамен аяқталмауы мүмкін. Себебі АҚШ пен оның одақтастары ғаламшардағы басқа да әлеуетті қақтығыс нүктелеріне күш салуы ықтимал. Бірақ ескі әлемді қолдайтындар экономикалық проблемаларға, ушығып жатқан дағдарысқа, елдегі ішкі жағдайға қатысты халықтың ашық наразылығы түрінде көрініс тауып тұр.
Батыстың Ресейге қатысты экономикалық щектеулері ешқандай нәтиже бермеді. Қытаймен ынтымақтастықтың дамуы осының жәлелі болып отыр.
"Ескі әлем әділетсіздік салдарынан қирап жатыр. Батыс ұзақ жылдар бойы ішкі демократиялық құндылықтарды насихаттағанымен, сыртта соғысқа қолдау білдіріп келді. Бостандық туралы идея үшін елдің шынайы бостандығы саудаға салынды", - деп жазылған мақалада.
Жаңа әлем үшін күресуге тура келеді. Бірақ жаңа әлем орнағаннан кейін де күшке ғана сенбей, әлем әділетті болуы үшін мүдделер теңдігін сақтауға да талпыну керек. Сонда ғана әлемнің тұрақтылығына қол жеткіземіз.
Жаңалықтар
0