https://sputnik.kz/20230323/astana-nauryz-kozhe-rekord-33203529.html
Астанада Наурыз көже пісіруден рекорд орнатылды
Астанада Наурыз көже пісіруден рекорд орнатылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 23 наурыз – Sputnik. Астанада Наурыз мейрамына орай көже әзірлеуден Қазақстан рекорды орнатылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 23.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-23T11:58+0500
2023-03-23T11:58+0500
2023-03-23T12:00+0500
елорда тынысы
наурыз көже
рекорд
https://sputnik.kz/img/07e7/03/17/33202969_0:56:1081:664_1920x0_80_0_0_05ae224fc59e2a71335f3dbd83a71984.jpg
АСТАНА, 23 наурыз – Sputnik. Астанада Наурыз мейрамына орай көже әзірлеуден Қазақстан рекорды орнатылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Барлығы 2 100 литр наурыз көже дайындалды. Рекорд кеше, 22 наурызда тіркелді.Ұлттық қазынаға айналған дәмді дайындау үшін аспазшылар тура бір күнін арнаған. Оған жүздеген келі бидай, күріш және ет жұмсалды. Содан кейін дайын Наурыз көже Ататүрік саябағында жүрген адамдарға ұсынылды.Аспазшы Гүлнәр Жұмабекованың айтуынша, Наурыз көже көлемі 60-тан 150 литрге дейінгі бас-аяғы 10 қазанда дайындалған. Ал осыдан кейін олар 95 литр болатын 20 бидонға құйылды.Қазақстан рекорды орнатылғанын куәландыратын сертификат Астана әкімдігіне және Байқоңыр ауданының әкімдігіне тапсырылды.Еске салсақ, елорда саябақтары мен алаңдарында Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар өтіп жатыр. Ашық алаңдарда тарихымыздың ұлы тұлғаларына арналған киіз үйлердің көрмесі ашылды. Сондай-ақ қазақстандық эстрада жұлдыздарының, қала әртістерінің және шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттер ұйымдастырылды. Мереке қонақтарына бауырсақ, ыстық тағам және Наурыз көже таратылды. Ашық аспан астында мерекелік көңіл күй сыйлау үшін түрлі-түсті фотоаймақтар, алтыбақан дайындалды. Жекелеген спорт алаңдарында ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өткізілуде.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/17/33202969_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_b44358f95e102abcf2c588ea76a546c0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
наурыз көже, рекорд
АСТАНА, 23 наурыз – Sputnik. Астанада Наурыз мейрамына орай көже әзірлеуден Қазақстан рекорды орнатылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Барлығы 2 100 литр наурыз көже дайындалды. Рекорд кеше, 22 наурызда тіркелді.
Ұлттық қазынаға айналған дәмді дайындау үшін аспазшылар тура бір күнін арнаған. Оған жүздеген келі бидай, күріш және ет жұмсалды. Содан кейін дайын Наурыз көже Ататүрік саябағында жүрген адамдарға ұсынылды.
"Екі тоннадан астам Наурыз көже — абсолютті рекорд. Бұрын бұл көрсеткіш түркістандықтарға тиесілі болатын. Екі жыл бұрын олар 2 мың литр Наурыз көже пісірген. Бүгін бұл рекорд ресми түрде жаңартылды", — деді Гиннестің аймақтық қазақстандық рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов.
Аспазшы Гүлнәр Жұмабекованың айтуынша, Наурыз көже көлемі 60-тан 150 литрге дейінгі бас-аяғы 10 қазанда дайындалған. Ал осыдан кейін олар 95 литр болатын 20 бидонға құйылды.
Қазақстан рекорды орнатылғанын куәландыратын сертификат Астана әкімдігіне және Байқоңыр ауданының әкімдігіне тапсырылды.
Еске салсақ, елорда саябақтары мен алаңдарында Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар өтіп жатыр. Ашық алаңдарда тарихымыздың ұлы тұлғаларына арналған киіз үйлердің көрмесі ашылды. Сондай-ақ қазақстандық эстрада жұлдыздарының, қала әртістерінің және шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттер ұйымдастырылды.
Мереке қонақтарына бауырсақ, ыстық тағам және Наурыз көже таратылды. Ашық аспан астында мерекелік көңіл күй сыйлау үшін түрлі-түсті фотоаймақтар, алтыбақан дайындалды. Жекелеген спорт алаңдарында ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өткізілуде.