https://sputnik.kz/20230323/aqtobe-oblysy-qyz-qudyq-33209694.html
Ақтөбе облысында бір жасар қыз төрт метрлік құдыққа құлап кетті
Ақтөбе облысында бір жасар қыз төрт метрлік құдыққа құлап кетті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 23 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысында терең құдыққа түсіп кеткен бір жасар сәби құтқарылды, деп хабарлайды "Мой город" порталы. 23.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-23T16:41+0500
2023-03-23T16:41+0500
2023-03-23T16:44+0500
қоғам
ақтөбе облысы
қыз
құдық
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0d/16021259_0:463:1200:1138_1920x0_80_0_0_f51eed8d2f4782710ed8cf4a36f71068.jpg
АСТАНА, 23 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысында терең құдыққа түсіп кеткен бір жасар сәби құтқарылды, деп хабарлайды "Мой город" порталы.Оқиға Мәртөк ауданы Жайсаң ауылында болды. Бір жастан асқан қыз үйдің ауласындағы құдыққа құлап кеткен.Анықталғандай, орталық су құбыры тартылғанға дейін ауыл тұрғындары осы құдықтан су тасыған. Кейін шұңқыр жабылған, бірақ оның айналасы опырылып, саңылау пайда болған, сәби де сол жерге түсіп кеткен.Даниярды арқанмен тереңдігі төрт метр құдыққа түсірген. Баланы шығару оңай болмады. Ол ағаштың тамырларына оралып қалған. Ер адам оны сырт киімінен тартып еді, ол шешіліп, сәби сол күйі астында қалды. Даниярға жерді қолмен тырмалауға тура келді. Сәлден кейін ол баланы қолына алып, арқанмен жоғарыға көтеріп шығарды.Қазір қыздың жағдайы жақсы."Құтқарушылар жеткенде, баланы құдықтан алып шыққан болатын. Біз Даниярға қатты ризамыз. Оның да кішкентай баласы бар. Жақында оған Санкт-Петерборда ота жасалды. Данияр жұмыссыз, баспанасы жоқ. Біз оның ұлын емдеуге қолдан келгенше көмек көрсеттік. Ал бүгін ол біздің қызымызды құтқарып қалды", - дейді Медет Қарақұлов.Әлеуметтік желі қолданушылары Данияр Мадияровты марапаттауды сұрап жатыр.
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0d/16021259_0:350:1200:1250_1920x0_80_0_0_ed80fa3eb3ac6f1e07ec3d34f9e3ec66.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе облысы, қыз, құдық
ақтөбе облысы, қыз, құдық
Ақтөбе облысында бір жасар қыз төрт метрлік құдыққа құлап кетті
16:41 23.03.2023 (жаңартылды: 16:44 23.03.2023) АСТАНА, 23 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысында терең құдыққа түсіп кеткен бір жасар сәби құтқарылды, деп хабарлайды
"Мой город" порталы.
Оқиға Мәртөк ауданы Жайсаң ауылында болды. Бір жастан асқан қыз үйдің ауласындағы құдыққа құлап кеткен.
Анықталғандай, орталық су құбыры тартылғанға дейін ауыл тұрғындары осы құдықтан су тасыған. Кейін шұңқыр жабылған, бірақ оның айналасы опырылып, саңылау пайда болған, сәби де сол жерге түсіп кеткен.
"Қызым екі метр тереңдікке құлаған. Осы кезде аулада әйелім мен қайын атам жүрген. Қайын атам оны өзі алып шықпақ болған, бірақ бала одан сайын тереңге түсіп, мүлде көрінбеген. Содан кейін әйелім маған қоңырау шалды, мен бірден жетіп, досым Даниярға хабарластым. Ол бар шаруасын тастап, Жайсаңға келді", - дейді кішкентай Мединаның әкесі Медет Қарақұлов.
Даниярды арқанмен тереңдігі төрт метр құдыққа түсірген. Баланы шығару оңай болмады. Ол ағаштың тамырларына оралып қалған. Ер адам оны сырт киімінен тартып еді, ол шешіліп, сәби сол күйі астында қалды. Даниярға жерді қолмен тырмалауға тура келді. Сәлден кейін ол баланы қолына алып, арқанмен жоғарыға көтеріп шығарды.
Қазір қыздың жағдайы жақсы.
"Құтқарушылар жеткенде, баланы құдықтан алып шыққан болатын. Біз Даниярға қатты ризамыз. Оның да кішкентай баласы бар. Жақында оған Санкт-Петерборда ота жасалды. Данияр жұмыссыз, баспанасы жоқ. Біз оның ұлын емдеуге қолдан келгенше көмек көрсеттік. Ал бүгін ол біздің қызымызды құтқарып қалды", - дейді Медет Қарақұлов.
Әлеуметтік желі қолданушылары Данияр Мадияровты марапаттауды сұрап жатыр.