https://sputnik.kz/20230323/aqtobe-oblysy-365-adam-oz-uyleri-33207530.html
Ақтөбе облысында 365 адам өз үйлеріне оралды
Ақтөбе облысында 365 адам өз үйлеріне оралды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 23 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысында тұрғын үйлер мен аулалардан су сору жұмыстары жалғасып жатыр. Өткен тәулікте 70 500 текше метр еріген қар суы... 23.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-23T16:00+0500
2023-03-23T16:00+0500
2023-03-23T16:00+0500
өңірлер
ақтөбе облысы
су тасқыны
https://sputnik.kz/img/07e7/03/0e/32929466_0:90:960:630_1920x0_80_0_0_29e632f526a76609d0922d1f1aee4a97.jpg
АСТАНА, 23 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысында тұрғын үйлер мен аулалардан су сору жұмыстары жалғасып жатыр. Өткен тәулікте 70 500 текше метр еріген қар суы сорылды, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.Ведомствоның ақпаратынша, қазіргі таңда Қобда ауданы Қобда ауылында 13 тұрғын үйден су сору жұмыстары жүріп жатыр.Өңірде көктемгі су тасқыны кезеңінде жедел шаралар қабылдау мақсатында облыстық су тасқынына қарсы штаб тәулік бойы жұмыс істейді. "Қауырт желі" телефонына ақпараттық сипаттағы 135 қоңырау түскен.ТЖД мәліметінше, биыл 14-23 наурыз аралығында Ақтөбе облысында 598 786 м3 су сорылды, 29 333 дана қапшық төселді. 1 учаскеде су бұруға арналған траншеялар қазылды, ұзындығы 3600 м жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді, 15 286 м3 инертті материал әкелінді, ұзындығы 325 метр уақытша бөген салынды. Қобда өзеніне ұзындығы 1000 метр су бұру каналы салынды. 593 550 мың текше метр қар шығарылды."Жалпы, Ақтөбе облысы бойынша су тасқыны кезеңі басталғанға дейін жүргізілген су өткізгіш құбырларды орнату, арық жүйесін тазарту, қар шығару бойынша су тасқынына қарсы алдын алу іс-шаралары су тасқыны қаупін азайтуға ықпал етті", - дейді құтқарушылар.Су тасқынына қарсы шаралар жалғасуда.
https://sputnik.kz/20230322/batys-qazaqstanda-su-tasqynynan-zardap-shekkenderge-uy-salyna-bastady-33192211.html
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/0e/32929466_0:0:960:720_1920x0_80_0_0_707676e4736f42c5ae19d5475bebe38b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе облысы, су тасқыны
ақтөбе облысы, су тасқыны
Ақтөбе облысында 365 адам өз үйлеріне оралды
АСТАНА, 23 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысында тұрғын үйлер мен аулалардан су сору жұмыстары жалғасып жатыр. Өткен тәулікте 70 500 текше метр еріген қар суы сорылды, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Ведомствоның ақпаратынша, қазіргі таңда Қобда ауданы Қобда ауылында 13 тұрғын үйден су сору жұмыстары жүріп жатыр.
"Бұған дейін эвакуацияланған 12 адам уақытша эвакуациялау пунктеріне орналастырылды, 79 адам туыстарының үйлерін паналады. 365 адам өз үйлеріне оралды. Бұған дейін қауіпсіз жерге айдалған ауыл шаруашылығы жануарлары өз қорасына оралды. Жағдай тұрақты бақылауда", - делінген хабарламада.
Өңірде көктемгі су тасқыны кезеңінде жедел шаралар қабылдау мақсатында облыстық су тасқынына қарсы штаб тәулік бойы жұмыс істейді. "Қауырт желі" телефонына ақпараттық сипаттағы 135 қоңырау түскен.
ТЖД мәліметінше, биыл 14-23 наурыз аралығында Ақтөбе облысында 598 786 м3 су сорылды, 29 333 дана қапшық төселді. 1 учаскеде су бұруға арналған траншеялар қазылды, ұзындығы 3600 м жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді, 15 286 м3 инертті материал әкелінді, ұзындығы 325 метр уақытша бөген салынды. Қобда өзеніне ұзындығы 1000 метр су бұру каналы салынды. 593 550 мың текше метр қар шығарылды.
"Жалпы, Ақтөбе облысы бойынша су тасқыны кезеңі басталғанға дейін жүргізілген су өткізгіш құбырларды орнату, арық жүйесін тазарту, қар шығару бойынша су тасқынына қарсы алдын алу іс-шаралары су тасқыны қаупін азайтуға ықпал етті", - дейді құтқарушылар.
Су тасқынына қарсы шаралар жалғасуда.