https://sputnik.kz/20230322/zhalgan-banknottardy-otkizgen-kudikti-shvetsiyadan-ekstraditsiyalandy-33189271.html
Жалған банкноттарды өткізген күдікті Швециядан экстрадицияланды
Жалған банкноттарды өткізген күдікті Швециядан экстрадицияланды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Экстрадициялау туралы шарттың болмауына қарамастан, Швецияның әділет министрлігі қарым-қатынас қағидаты негізінде жалған... 22.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-22T12:22+0500
2023-03-22T12:22+0500
2023-03-22T12:22+0500
бас прокуратура
жалған ақша
https://sputnik.kz/img/07e6/07/07/25989185_75:0:1204:635_1920x0_80_0_0_b04e2f66f6f08d3d32aa6cecf0ea04ca.jpg
АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Экстрадициялау туралы шарттың болмауына қарамастан, Швецияның әділет министрлігі қарым-қатынас қағидаты негізінде жалған банкноттарды ірі мөлшерде айырбастағаны үшін іздеуде жүрген азаматшаны елге қайтару туралы Қазақстан Бас прокуратурасының өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Б. есімді әйел 2019 жылғы желтоқсан мен 2020 жылғы қаңтар аралығында Қазақстан банктерінің бірінде қызметкерлердің көмегімен жалған еуро банкноттарын заңсыз айырбастады деген күдікке ілінді. Қылмыс жасағаннан кейін қазақстандық құқық қорғау органдарынан жасырынған оған халықаралық іздеуге жарияланған. "Оның серіктестеріне әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру туралы үкім шыққан. Бүгін Бас прокуратура мен Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапқа тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады", - деп жазылған хабарламада. Белгілі болғандай, қазіргі уақытта ол Астанадағы тергеу изоляторына қамалды. Жоғарыда аталған қылмысты жасағандар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/07/25989185_216:0:1063:635_1920x0_80_0_0_0339132daaba9f795c8b50191db5caba.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бас прокуратура, жалған ақша
бас прокуратура, жалған ақша
Жалған банкноттарды өткізген күдікті Швециядан экстрадицияланды
АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Экстрадициялау туралы шарттың болмауына қарамастан, Швецияның әділет министрлігі қарым-қатынас қағидаты негізінде жалған банкноттарды ірі мөлшерде айырбастағаны үшін іздеуде жүрген азаматшаны елге қайтару туралы Қазақстан Бас прокуратурасының өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Б. есімді әйел 2019 жылғы желтоқсан мен 2020 жылғы қаңтар аралығында Қазақстан банктерінің бірінде қызметкерлердің көмегімен жалған еуро банкноттарын заңсыз айырбастады деген күдікке ілінді.
Қылмыс жасағаннан кейін қазақстандық құқық қорғау органдарынан жасырынған оған халықаралық іздеуге жарияланған.
"Оның серіктестеріне әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру туралы үкім шыққан. Бүгін Бас прокуратура мен Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапқа тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады", - деп жазылған хабарламада.
Белгілі болғандай, қазіргі уақытта ол Астанадағы тергеу изоляторына қамалды. Жоғарыда аталған қылмысты жасағандар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.