Өңірлер

Синоптиктер ертеңге арналған ауа райы болжамын жариялады

© Photo : Pixabay / ID 955169Ауа райы
Ауа райы - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Елдің барлық дерлік аумағында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады, деп хабарлады синоптиктер.
Тек елдің солтүстік жартысында атмосфералық фронталды учаскелердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы. Сондықтан жаңбыр, қар түрінде аздаған жауын-шашын болады.
Қазгидромет хабарлауынша, республикада тұман сақталады, елдің солтүстік, оңтүстік жартысында көктайғақ болып, жел күшейеді.
Астанада түнде ауа температурасы -6 -8 градусты көрсетеді және жауын-шашынсыз көшпелі бұлт жүреді. Ал күндіз ауа температурасы +2 +4 градусқа дейін көтеріліп, ашық ауа райы сақталады және көшпелі бұлт жүреді.
Алматы қаласында түнде термометр бағаны +1 +3 жылыны көрсетіп, жауын-шашынсыз көшпелі бұлт жүреді. Ал күндіз +15 +17 градусқа дейін күн жылынып, көшпелі бұлт жүріп, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Шымкентте түнде ауа температурасы +5 +7 градус деңгейінде болып, мұнда да жауын-шашынсыз көшпелі бұлт жүруі мүмкін. Ал күндіз +21 +23 градусқа дейін күн жылынғанымен, көшпелі бұлт жүріп, жаңбыр жауады.
Жаңалықтар
0