Ғарышкер Дмитрий Петелин қазақстандықтарға орбитадан құттықтау жолдады

© Пресс-служба ГК "Роскосмос" / Медиабанкке өтуМодуль "Пирс" отстыковался от МКС
Модуль Пирс отстыковался от МКС - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Ғарышкер-сынаушы Дмитрий Петелин қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлады "Костанайский новости" порталы.
Қазақ және орыс тілінде жолдаған видеоқұттықтауында ғарышкер қазақстандықтарды, соның ішінде қостанайлықтарды әз Наурыз мейрамымен құттықтады.
"Құрметті қазақстандықтар, әсіресе қостанайлықтар, жерлестер! Мерекелеріңіз құтты болсын! Өздеріңізді сақтаңыздар. Мен Жерді Ғарыштан тамашалау мүмкіндігіне ие болдым және сіздерге айтқым келетіні - бір-біріңізге ренжімеңіздер, бекер ашуланбаңыздар", - деді ғарышкер.
Ол өз құттықтауында біздің планетамыз үлкен және өте әдемі екенін айтып, бүгінгі мереке бақыт әкелуіне тілектестікм білдірді. Ол қиындықтарға жеңіл қарап, атқан таң мен батқан күнге қуануға, әр күннен ләззат алуға кеңес берді.
Еске салсақ, Дмитрий Петелин Қостанай облысының тумасы.
Жаңалықтар
0