Димаш Құдайбергеннің жаңа әні жарыққа шықты

© Sputnik / Владислав ВодневДимаш Кудайберген
Димаш Кудайберген - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Бүгін Димаш Құдайбергеннің жаңа әні тыңдарманға жол тартты.
Жаңа шыққан ән "Together", яғни "Біргеміз" деп аталады және композиция бүгіннен бастап барлық музыкалық платформаларға жүктелді.
Димаш Құдайберген өзінің Инстаграмдағы парақшасында ән бүгін, 22 наурызда жарыққа шығатынын хабарлаған болатын.
"Музыка бүкіл әлемді бір шаңыраққа біріктіреді, ал музыка бізбен бірге болса, жарқын болашаққа деген сенім мен өмірге деген сүйіспеншілік артады. Біз бірге болсақ, музыка әлемді шынымен өзгерте алады", - деген ол тыңдармандарына әнге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.
Әнші "әлемді өзгерткіңіз келсе, бүгіннен бастайық" деп жазды.
Жаңалықтар
0