https://sputnik.kz/20230321/ulystyn-uly-kuni-zhayly-ne-bilemiz-33158642.html
Ұлыстың ұлы күні жайлы не білеміз
Ұлыстың ұлы күні жайлы не білеміз
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 21 наурыз – Sputnik. Мұсылманның күнтізбесіндегі жыл басы Наурыз мерекесі басталды. Бұл күні исі мұсылман қауып дәстүрлі мерекені кең ауқымда атап... 21.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-21T07:00+0500
2023-03-21T07:00+0500
2023-03-21T10:57+0500
наурыз
https://sputnik.kz/img/963/85/9638540_0:85:1620:996_1920x0_80_0_0_e4cd42c2e95f5cdc8efbb38996fcc136.jpg
АЛМАТЫ, 21 наурыз – Sputnik. Мұсылманның күнтізбесіндегі жыл басы Наурыз мерекесі басталды. Бұл күні исі мұсылман қауып дәстүрлі мерекені кең ауқымда атап өтеді. Наурыз мейрамының тарихы Наурыз - ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Бұл күні ай мен күн теңеседі. Көне парсы тілінде "Жаңа күн" деген ұғымды білдіреді. Наурыз мейрамы шамамен 5 мың жыл бұрын пайда болды. Кейбір ғылыми деректерге сүйенсек, наурыз мерекесінің тарихы бұдан да әріде. 2010 жылы БҰҰ 21 наурызды "Халықаралық Наурыз күні" деп атады. Бас Ассамблеяның айтуынша, бұл мерекені 3000 жылдан бері Орта Азия, Таяу Шығыс, Балқан түбі мен Қара теңіз жағалауындағы 300 мыңнан астам адам тойлап келеді. Ал ЮНЕСКО болса, 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне кіргізді. Наурыз мерекесі туралы қызықты ақпарат Бұл мейрамды әр ұлт әртүрлі атаған. Мысалы ежелгі гректер “патрих”, бирмалықтар “су мейрамы”, тәжіктер “гүл гардон”, “бәйшешек”, “гүлнаурыз” деп атаса, хорезмдіктер “наусарджи”, татарлар “нардуган”, буряттар “сагаан сара” деп атаған. Ал соғдылықтар “наусарыз”, армяндар “навасарди”, чуваштар “норис ояхе” деп түрліше атаған. Атауларымен бірге бқл мерекені тойлаудың да өзіндік түр-сипаты, ерекшелігі бар. Бұл туралы Омар Һайямның шығармаларында кеңінен жазылған. Мысалы, парсы тілдес халықтар Наурызда әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды; жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжайды, жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже “сумалак” ұсынады; ескі киімдерін тастайды; ескірген шыны аяқты сындырады; Қыдыр ата Қазақ жері аңыздарға бай. Наурыз мерекесінде Жер бетін Қыдыр аралайды. "Қыдыр дарысын" деген бір ауыз сөз қазақ беретін батаның бәрінде бар. Қазақ халқының пайымындағы Қыдыр ата немесе Қызыр баба араб тілінде Əл-Хидр, Əл-Хизр, яғни жасыл адам деген мағынаны білдіреді екен. Арабтардың аңызында ол отырған жерге шөп шығып, жүрген жері жасыл желекке айналады-мыс. Бір деректер бойынша, Ислам дініндегі пайғамбар деседі. Кейбір дінтанушы ғалымдар оны Ілияс пайғамбар деп жорамалдайды. Қазақта "Қырықтың бірі - Қыдыр" деген мәтел бар. Күні саған түскен кез келген адамға үнемі көмектес, қайрымыдлықы жасаудан қашпа дейді үкендер. Өйткені, сенен көмек сұраған адам Қыдыр болуы мүмкін дейді. Ал Қыдырдың шапағатына бөленген адамның басындағы бағы бес елі болмақ. Қайта оралған мереке Бұл күн ақжарма тілек пен бата жауатын күн. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Таң ата көпшілік биік төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алады. Халық ескісін тастап, жаңа киімдерін киеді. Үйі, маңайын тазартып, өкпе-ренішті ескі жылмен қалдырып, қос қолдасып, төс қағыстыратын күн. Наурызда қасиетті Наурыз көже жасалады. Наурыз көже тек ас емес, молшылық болса екен деген ырым. Киелі асты дайындамаса дастарханның жыл бойы берекесі болмайды деп пайымдаған. Адам тұрмақ даланың өзі қуанышқа бөленген бұл күні ән айтылып-күй тартылады, би биленіп, алтыбақан тебіледі. Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңдерінде шығыс халықтары бұл мерекені атап өткенімен, 1926 жылы ол “діни мейрам”, “ескілік сарқыншағы” деп танылып тоқтатылды, бірақ Қазақстанның бар аумақтарында жасырын түрде сақталып қалды. 1988 жылдан Алматы қаласында, республиканың көптеген аудандарында Наурыз жалпыхалықтық мейрам ретінде қайта тойлана бастады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/963/85/9638540_90:0:1530:1080_1920x0_80_0_0_2f20bac14c0842e5dfe28428bd1c1928.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
наурыз
АЛМАТЫ, 21 наурыз – Sputnik. Мұсылманның күнтізбесіндегі жыл басы Наурыз мерекесі басталды. Бұл күні исі мұсылман қауып дәстүрлі мерекені кең ауқымда атап өтеді.
Наурыз - ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Бұл күні ай мен күн теңеседі. Көне парсы тілінде "Жаңа күн" деген ұғымды білдіреді. Наурыз мейрамы шамамен 5 мың жыл бұрын пайда болды. Кейбір ғылыми деректерге сүйенсек, наурыз мерекесінің тарихы бұдан да әріде. 2010 жылы БҰҰ 21 наурызды "Халықаралық Наурыз күні" деп атады.
Бас Ассамблеяның айтуынша, бұл мерекені 3000 жылдан бері Орта Азия, Таяу Шығыс, Балқан түбі мен Қара теңіз жағалауындағы 300 мыңнан астам адам тойлап келеді. Ал ЮНЕСКО болса, 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне кіргізді.
Наурыз мерекесі туралы қызықты ақпарат
Бұл мейрамды әр ұлт әртүрлі атаған. Мысалы ежелгі гректер “патрих”, бирмалықтар “су мейрамы”, тәжіктер “гүл гардон”, “бәйшешек”, “гүлнаурыз” деп атаса, хорезмдіктер “наусарджи”, татарлар “нардуган”, буряттар “сагаан сара” деп атаған. Ал соғдылықтар “наусарыз”, армяндар “навасарди”, чуваштар “норис ояхе” деп түрліше атаған.
Атауларымен бірге бқл мерекені тойлаудың да өзіндік түр-сипаты, ерекшелігі бар. Бұл туралы Омар Һайямның шығармаларында кеңінен жазылған. Мысалы, парсы тілдес халықтар Наурызда әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды; жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжайды, жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже “сумалак” ұсынады; ескі киімдерін тастайды; ескірген шыны аяқты сындырады;
Қазақ жері аңыздарға бай. Наурыз мерекесінде Жер бетін Қыдыр аралайды. "Қыдыр дарысын" деген бір ауыз сөз қазақ беретін батаның бәрінде бар. Қазақ халқының пайымындағы Қыдыр ата немесе Қызыр баба араб тілінде Əл-Хидр, Əл-Хизр, яғни жасыл адам деген мағынаны білдіреді екен. Арабтардың аңызында ол отырған жерге шөп шығып, жүрген жері жасыл желекке айналады-мыс.
Бір деректер бойынша, Ислам дініндегі пайғамбар деседі. Кейбір дінтанушы ғалымдар оны Ілияс пайғамбар деп жорамалдайды. Қазақта "Қырықтың бірі - Қыдыр" деген мәтел бар. Күні саған түскен кез келген адамға үнемі көмектес, қайрымыдлықы жасаудан қашпа дейді үкендер. Өйткені, сенен көмек сұраған адам Қыдыр болуы мүмкін дейді. Ал Қыдырдың шапағатына бөленген адамның басындағы бағы бес елі болмақ.
Бұл күн ақжарма тілек пен бата жауатын күн. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Таң ата көпшілік биік төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алады. Халық ескісін тастап, жаңа киімдерін киеді.
Үйі, маңайын тазартып, өкпе-ренішті ескі жылмен қалдырып, қос қолдасып, төс қағыстыратын күн. Наурызда қасиетті Наурыз көже жасалады. Наурыз көже тек ас емес, молшылық болса екен деген ырым. Киелі асты дайындамаса дастарханның жыл бойы берекесі болмайды деп пайымдаған.
Адам тұрмақ даланың өзі қуанышқа бөленген бұл күні ән айтылып-күй тартылады, би биленіп, алтыбақан тебіледі. Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңдерінде шығыс халықтары бұл мерекені атап өткенімен, 1926 жылы ол “діни мейрам”, “ескілік сарқыншағы” деп танылып тоқтатылды, бірақ Қазақстанның бар аумақтарында жасырын түрде сақталып қалды. 1988 жылдан Алматы қаласында, республиканың көптеген аудандарында Наурыз жалпыхалықтық мейрам ретінде қайта тойлана бастады.