Талдықорғанда Абайдың ескерткіші ашылды

© Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметіТалдықорғанда Абай ескерткіші ашылды
Талдықорғанда Абай ескерткіші ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 21 наурыз - Sputnik. Талдықорғандағы Бикен Римова атындағы драма театрының алдына Абайдың мүсіні қойылды, деп хабарлайды Жетісу облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ескерткіш Мұхтар Әуезовтің "Абай" қойылымының үзіндісімен ашылды. Қойылымда Б.Римова атындағы драма театрының әрістерімен бірге басты рөлде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі актер Болат Әбділманов өнер көрсетті.
Ескерткіштің идеясын ұсынған авторлардың бірі, белгілі сәулетші марқұм Ақмырза Рүстембеков.
Жалпы ескерткіштің тұғыры гранит пен мрамордан дайындалған, мүсіні қоладан құйылған. Тұғыры 5,3 м, мүсіні – 3,6 м. Ескерткіштің сәулетшісі – Қазақстан Республикасының құрметті құрылысшысы, ұзақ жыл Сәулетшілер одағын басқарған сәулетші Ақмырза Рүстембеков. Мүсіншісі – Мейірлан Әзмағанбетов.
Ол бұған дейін Талдықорғандағы Сүйінбай Аронұлының, Ғали Ормановтың, Нұрғиса Тілендиевтің ескерткіштерін, "Аялы алақан" композициясын жасаған.
Жаңалықтар
0