Қытай мен Ресейдің бір-біріне сенімі артты

© Sputnik / Sergey Bobylev/Pool / Медиабанкке өтуПрезидент РФ Владимир Путин и председатель Китайской Народной Республики Си Цзиньпин на заседании Совета глав стран-участниц ШОС в расширенном составе в Самарканде, Узбекистан
Президент РФ Владимир Путин и председатель Китайской Народной Республики Си Цзиньпин на заседании Совета глав стран-участниц ШОС в расширенном составе в Самарканде, Узбекистан - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2023
Жазылу
Президенттер Владимир Путин мен Си Цзиньпиннің дүйсенбіде Мәскеуде басталған кездесулері сәрсенбіге дейін жалғасты. Дегенмен Кремльдегі бейресми сұхбат және түскі ас кезінде ең маңызды мәселелер талқыланғаны белгілі, деп жазды РИА Новости.
Соңғы бір жылда екі ел басшылары бір-ақ рет кездесті – қыркүйекте Самарқандтағы ШЫҰ саммиті аясында. Бірақ бұл кезде делегациялар кездесуі болғандықтан бейресми келіссөз жүргізуге уақыт шектеулі еді. Ал тұрақты телефон арқылы сөйлесулер бетпе-бет сұхбатты алмастыра алмайды.
Путин мен Си кездесуінде қандай мәселелер талқыланады деген сұрақ Батыста да, Ресейде де көп тарапты мазалады. Сондықтан біреулер бұл кездесуді тарихи деп атаса, біреулер одан Ресей мен Қытайдың Украинадағы соғыс қимылдарын тоқтату туралы бірлескен ұсынысы және Қытайдың делдалдығымен Мәскеу мен Киев арасында келіссөз басталуы немесе Қытайдың Ресейге қару-жарақ жеткізу туралы мәлемдемесі сынды ауқымды нәтиже күтті.
"Бірақ мұндай болжамдарға қарамастан олардың ақиқатқа айналуы екіталай. Дегенмен одан Путин мен Си кездесуінің маңызы бәсеңдемейді. Керісінше, сенсацияның жоқтығы Ресей – Қытай қарым-қатынасының одан әрі нығаюы мен Путин айтқандай "жаһандық тұрақтылықтың іргетасына" айналуының белгісі болады", - деп жазды автор.
Мақала авторының пікірінше, Путин мен Си екі елдің жақындасу бағытына бет бұрды және бұл Украинадағы қақтығыс Ресей мен Батыстың тікелей қарсыласуына әкелмеген кезде басталған. Жалпы Ресей–Қытай қарым-қатынасының дамуы сонау 90-шы жылдары Цзян Цзэминь тұсында басталып, 2000-шы жылдарға дейін Ху Цзиньтао тұсында жалғасты. Бірақ ол жылдары Мәскеу мен Бейжің бір-біріне қаншалықты қажет екенін түсіне қойған жоқ.
Путин Мюнхенде сөйлеген сөзі арқылы қақтығыс ықтималдылығын жоққа шығарды. Үш жылдан кейін Қытай америкалықтардың "Үлкен екілік" туралы ұсынысын кері қайтарды. 2010 жылға қарай Қытай мен Ресей өз ынтымақтастығының ауқымын анықтап, оны жаңа, әлдеқайда жоғары деңгейге көтеру қарсаңында тұрды. Бірақ ол кездегі екі елдің ішкі жағдайы бұл өзгеріске сәйкес келмеді: Путин ел президенті емес, үкімет басшысы болды, ал Қытай жаңадан ел төрағасын тағаайындауға дайындалып жатты. Сондықтан 2012 жылы Путин қайтадан президент болып, Си Қытай коммунистік партиясына басшылыққа келіп, 2013 жылдың көктемінде Қытай төрағасы ретінде сайланды. Си Цзиньпин Мәскеуге жасаған алғашқы сапарында бүгінге дейін қырықтан астам кездесу өткізген тап сол "Үлкен екілік" қалыптасты.
Сол кезден-ақ Си мен Путин бір-біріне сенім арта алатындарын, олардың қарым-қатынасында уақыт шектіігі жоқ екенін түсінді. Яғни, екіжақты қарым-қатынас, әлемдік аренада да тығыз байланыс орнатуға болады.
"Қытай мен Ресей менталитеті мен мәдениетінің айырмашылығына қарамастан, Си мен Путинге бір-біріне қатысты қулық ойластырып, сенімсіздік тудыратын әрекеттерге барудың қажеттілігі жоқ. Бұған дейін екі елдің қарым-қатынасы дамуына элиталар мен биліктің оларды бағалауы кедергі болды. Оның үстіне, мұндай сенімсіздік ортақ қарсыластар және Ресейдегі батысшыл күштердің ықпалымен өрши түсті", - деп жазылған материалда.
Қытайға қарсы сауда соғысын ашқан Трамп билікке келгеннен кейін Бейжіңнің Ресей мен АҚШ күш біріктіреді ме деген күдігі артты. Оның үстіне, сол жылдары Ресейдегі кейбір сарапшылар Путиннің жақын уақытта биліктен кетуіне қатысты жиі болжам жасады. Қытайға да бұл нұсқаны ескермеуіне болмады.
Автор жазғандай, 2020 жылғы конституциялық реформадан кейін барлық белгісіздіктер жойылды: Путин мен Си бір-біріне сенім артып қана қоймай, екі елдің билігі де басқа тараптардың арандатушылықтарына алаңдамайтын болды.
Жаңалықтар
0