​Атырауда есірткімен ұсталған нигериялық азамат 6 жылға сотталды

© Photo : Пресс-служба департамента полиции Алматы Подозреваемый в наручниках
Подозреваемый в наручниках - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 21 наурыз - Sputnik. Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Нигерияның 25 жастағы азаматы Эзечи Чикамсо Качиге үкім шықты, деп хабарлайды Ақжайық порталы.
Ол 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Естеріңізге сала кетейік, Езечи Чикамсо Качиді 2022 жылдың 20 шілдесінде Атырауда полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұстаған болатын.

"Оның автокөлігіндегі кілемшенің астынан жалпы салмағы 4,29 грамм "мефедрон" психотроптық зат табылды. Сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, автокөлікті тексеру хаттамасымен, сараптама қорытындыларымен толық дәлелденді", - деп хабарлады сотта.

Алайда сотталушы кінәні мойындамады. Прокурор Езечиді 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, сот оны 6 жылға соттады.
Жаңалықтар
0