https://sputnik.kz/20230321/aqtobede-ayeli-men-qyzyn-oltirmek-bolgan-mektep-direktory-qogamdyq-zhumysqa-zhegildi-33155799.html
Ақтөбеде әйелі мен қызын өлтірмек болған мектеп директоры қоғамдық жұмысқа жегілді
Ақтөбеде әйелі мен қызын өлтірмек болған мектеп директоры қоғамдық жұмысқа жегілді
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 21 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қызы мен әйелін өлтірмек болған мектеп директорына... 21.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-21T19:49+0500
2023-03-21T19:49+0500
2023-03-21T19:49+0500
ақтөбе облысы
https://sputnik.kz/img/14/46/144656_0:578:3264:2414_1920x0_80_0_0_2769230821bb0d835a192ef40d834fe6.jpg
АЛМАТЫ, 21 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қызы мен әйелін өлтірмек болған мектеп директорына қатысты үкім шығарды, деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.Мектеп директорына тұрмыстық жанжал барысында әйелі мен өгей қызын өлтіруге оқталды деген айып тағылған.Директордың айтуынша, ашу үстінде әйелін қорқытпақ болған, бірақ оны өлтіру қаперінде болмаған.Сот кінәсін мойындауын, шын ниетпен өкінуін, жас балаларының болуын, бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанын жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде қарастырды.Сотталушының қылмыстық құқық бұзушылықты масаң күйде жасауы қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде тіркелді."Сот Д. - ны кінәлі деп танып, оған 120 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады. Сотталғаннан жәбірленушілердің пайдасына 360 000 теңге көлемінде материалдық шығын және 2 миллион теңге моральдық зиян өндірілді", - деді Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/14/46/144656_0:0:3264:2448_1920x0_80_0_0_5fd7abdb2fedfd87c6e9eea7cfc1e9ab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе облысы
АЛМАТЫ, 21 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қызы мен әйелін өлтірмек болған мектеп директорына қатысты үкім шығарды, деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Мектеп директорына тұрмыстық жанжал барысында әйелі мен өгей қызын өлтіруге оқталды деген айып тағылған.
Директордың айтуынша, ашу үстінде әйелін қорқытпақ болған, бірақ оны өлтіру қаперінде болмаған.
"Сотталушы өзін-өзі тоқтатып, жұбайының туыстарын көмекке шақырғанын ескеріп, жәбірленушілердің өмірін қию ниеті болмаған деген қорытындыға келді. Ол жәбірленушілерге, яғни жұбайы мен жүгіріп келген өгей қызының денсаулығына жеңіл дәрежеде зиян келтірген. Осы мән-жайларды ескере отырып, сот тағылған айыпты "Қорқыту" бабына ауыстырды", - деп жазылған сот хабарламасында.
Сот кінәсін мойындауын, шын ниетпен өкінуін, жас балаларының болуын, бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанын жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде қарастырды.
Сотталушының қылмыстық құқық бұзушылықты масаң күйде жасауы қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде тіркелді.
"Сот Д. - ны кінәлі деп танып, оған 120 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады. Сотталғаннан жәбірленушілердің пайдасына 360 000 теңге көлемінде материалдық шығын және 2 миллион теңге моральдық зиян өндірілді", - деді Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.