https://sputnik.kz/20230321/almatyda-kopirden-qulagan-kolikte-eki-zholaushynyn-zhagdayy-auyr-33161234.html
Алматыда көпірден құлаған көлікте болған екі жолаушының жағдайы ауыр
Алматыда көпірден құлаған көлікте болған екі жолаушының жағдайы ауыр
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 21 наурыз - Sputnik. Алматыда көпірден құлап кеткен көліктегі жолаушылардың жағдайы ауыр, деп хабарлайды Almaty.tv. 21.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-21T12:39+0500
2023-03-21T12:39+0500
2023-08-10T11:59+0500
алматы
жол апаты
https://sputnik.kz/img/1274/80/12748099_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_63387d25cc6438beadf8472da9c5d733.jpg
АЛМАТЫ, 21 наурыз - Sputnik. Алматыда көпірден құлап кеткен көліктегі жолаушылардың жағдайы ауыр, деп хабарлайды Almaty.tv. Олар қазір жансақтау бөлімінде емделіп жатыр. Көліктің ішінде 6 адам отырған. Олардың бәрі де ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, 67 және 62 жастағы 2 әйелдің қазір жағдайы ауыр. Жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Бір жолаушының жарақаты жеңіл болып, үйіне жіберілген. Ал жолдың бір жолағынан екіншісіне шығып, ереже бұзып, апаттық жағдайға себеп болған көлік жүргізушісі 53 жастағы әйел екен. Қазір ол бұлтартпау шарасы бойынша үйінде отыр. Қамауға алынбаған. Полиция департаменті іске қатысты қылмыстық тергеу басталғанын хабарлады.
https://sputnik.kz/20230319/almatyda-kolik-kopirden-ushyp-tusti-33108099.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1274/80/12748099_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_c977060f657357e3c337c7b8ec60e015.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, жол апаты
Алматыда көпірден құлаған көлікте болған екі жолаушының жағдайы ауыр
12:39 21.03.2023 (жаңартылды: 11:59 10.08.2023) АЛМАТЫ, 21 наурыз - Sputnik. Алматыда көпірден құлап кеткен көліктегі жолаушылардың жағдайы ауыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олар қазір жансақтау бөлімінде емделіп жатыр. Көліктің ішінде 6 адам отырған. Олардың бәрі де ауруханаға жеткізілген.
Дәрігерлердің айтуынша, 67 және 62 жастағы 2 әйелдің қазір жағдайы ауыр. Жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Бір жолаушының жарақаты жеңіл болып, үйіне жіберілген.
"Екі науқастың да жарақаты бір-біріне ұқсас.Кеуде қуысының жарақаты. Бірнеше қабырғасы, қол сүйегі, аяқ сүйегі және бұғана сүйегі сынған. Естерін біледі. Қан қысымы қалыпты", – деді Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Ермек Желдібаев.
Ал жолдың бір жолағынан екіншісіне шығып, ереже бұзып, апаттық жағдайға себеп болған көлік жүргізушісі 53 жастағы әйел екен. Қазір ол бұлтартпау шарасы бойынша үйінде отыр. Қамауға алынбаған. Полиция департаменті іске қатысты қылмыстық тергеу басталғанын хабарлады.