Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина қарулы күштері қарсы шабуылға дайындалып жатыр

© Sputnik / Константин Михальчевский / Медиабанкке өтуРабота расчетов артиллерийских установок "Акация" на Запорожском направлении
Работа расчетов артиллерийских установок Акация на Запорожском направлении - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2023
Жазылу
Вашингтон америкалық үстемдікті сақтап қалуға тырысып, Украина Қарулы күштерінің қарсы шабуылын жеделдеткісі келеді. Бірақ мұндай шабуылға Киевте қажетті резервтер, оқ-дәрілер, броньдалған машиналар және соққы жасауға арналған ұшақтар жоқ, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
НАТО нұсқаушыларының күшпен жұмылдырылған және асығыс "дайындалған" Украина армиясы американдық қожайындар өз-өзіне қол жұмсауға мәжбүрлейтін үрейленген адамдардың "бұқарасына" қайтымсыз айналады. Киевтің басты актері өз соғысының жеңілгенін білсе керек, бірақ Америка Құрама Штаттары өзімшілдік мақсаттарына жету үшін ондаған және жүздеген мың украин азаматтарын абайсызда жоюды талап етеді.
"Бахмут бекінісін" украиндердің антиресейлік идеологиясының символы ретінде қорғай отырып, Украина Қарулы күштерінің Бас штабы алты ай ішінде Артемовск қаласында 60 мыңнан астам әскери қызметшісін өлімге жықты. Бұл уақытта Ресей қоршауының тарылып, "бекіністегі" украин бөлімшелерін жабдықтау жолдары бұғатталып, Украина Қарулы күштерінің тіпті "құпия жолдарына" да ресейлік артиллериямен атқылау жасалып жатыр. "Вагнер" жеке меншік әскери компаниясының шабуылдау жасақтары Артемовск аумағының 70 пайызын бақылауға алды.
"Ресей әскері Донецктің солтүстігіндегі Украина Қарулы күштерінің бекініс аймағын қоршауға алып, Авдеевкаға шабуылды үдетті. Украинаның Бас штабы резервтерді Артемовск пен Авдеевка маңына жедел бағыттауға мәжбүр. Степовое (Петровское) ауылын азат еткеннен кейін ресейлік әскер Авдеевкаға дейінгі теміржол желісін жауып тастады", - деп жазды Хроленко.
Ресей әскері де Сватово – Кременная желісінде де бастаманы тиімді пайдаланып, Украинаның қорғаныс шебіне шабуыл жасап, Харьков облысы – ЛХР шекарасы бойымен, Купянск маңындағы Сватовоның солтүстік-батысында және Кременнаядан батысқа қарай алға жылжып жатыр.
Хроленконың пікірінше, Украина Қарулы күштерінің үлкен шығындарын жасырып, Киев жаппай мобилизациялаудың жаңа толқыныа кірісті. Вашингтон ескі броньжалған тасымалдаушылар мен жаяу әскерге арналған жауынгерлік машиналар жеткізіп жатыр. НАТО мамандары Украина Қарулы күштерінің жалпы саны 100 мың әскери қызметкері бар үш армия корпусын қарсы шабуылға асығыс дайындап жатыр. Бұл құрамалардың соғысуға әзірлігі мен соққы күші айқын емес.
Украина Қарулы күштерінің бөлімшелері Запорожье және Херсон облыстарындағы ресейлік позициялардың күшін тексеруге тырысады. Ресей әскері Херсон қаласының маңындағы Днепрдегі украин десанттарын тынымсыз жойып жатыр.
Вашингтонды тәжірибелі сарбаздар санының қысқаруына, Украина армиясының оқ-дәрілері мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің тапшылығына алаңдап отыр. Пентагон қарудың шексіз ағыны Украина Қарулы күштерінің әскери тұрақтылығының негізі деп санайды. Дегенмен бұл бұрын Вьетнам, Ирак және Ауғанстандағы әскери іс-қимылдарда көмектеспеген. Америкалық әскери-өнеркәсіптік кешен Киевтің сұраныстарына сәйкес қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өндіру қуатын жылдам арттыруға қабілетті емес. АҚШ қорғаныс министрлігі мен Конгресі көпжылдық оқ-дәрілерді сатып алуды ұйымдастыруға және өндірістік қуаттылықты арттыруға көшті, бірақ "өндірісті айтарлықтай ұлғайту және қорларды толықтыру үшін" көп жыл қажет.
Америкалық Breaking Defence басылымы "Украина тәжірибесі бізде ұзаққа созылатын ұрыс қимылдары кезінде қажетті жеткілікті техника жоқ" деп жазды. 19FortyFive порталы "Ресей Украинада АҚШ-тың әскери қуаты туралы ащы шындықты көрсеткенін" атап өтті.
Еуропалық одақтастар Украина Қарулы күштері үшін бір жыл ішінде бір миллион дана 155 миллиметрлі снаряд сатып алуға уәде берді. Бұл күніне небәрі 3000 снаряд екенін ескерсек, яғни снаряд тапшылығының алдын ала алмайды. Financial Times шенеуніктер мен өндірушілерге сілтеме жасай отырып, Еуроодақта снарядтар өндіруге арналған күкірт пен басқа да жарылғыш заттардың тапшылығы туралы жазды.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0