https://sputnik.kz/20230320/turkistan-oblysynda-tuye-sutin-ondeytin-zauyt-ashyldy-33118857.html
Түркістан облысында түйе сүтін өңдейтін зауыт ашылды
Түркістан облысында түйе сүтін өңдейтін зауыт ашылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Арыс қаласында ARUANA түйе сүтінің концентратын шығаратын зауыт іске қосылды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз... 20.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-20T08:39+0500
2023-03-20T08:39+0500
2023-03-20T08:39+0500
кәсіпкер
https://sputnik.kz/img/07e6/08/04/26531937_0:103:1281:823_1920x0_80_0_0_fd0b22fd24f348ee208fc54def6c8306.jpg
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Арыс қаласында ARUANA түйе сүтінің концентратын шығаратын зауыт іске қосылды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың айтуынша, кәсіпорынның бүкіл облыс үшін маңызы зор. Кәсіпорынның мәліметінше, зауыт жылына 70 тоннадан астам түйе сүтінің құрғақ қоспасын өндіруге қауқарлы. Жобаның жалпы құны 250 миллион теңгені құрайды. Зауытта 15 адам жұмыс істейді. Өнім ішкі нарықтан бөлек, жақын және алыс шетелдерге экспортталады. King Milk ЖШС директоры Ербол Әнуарбекұлының айтуынша, жаңа жұмыс орындарының құрылуымен қатар, зауыттың арқасында облыс отандық емдік өнімді шетелге экспорттау мүмкіндігіне ие болып отыр. "Түйе сүті құрғақ күйінде ағзаға пайдалы, көп ауруға шипа болады", – дейді кәсіпкер.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/04/26531937_39:0:1136:823_1920x0_80_0_0_7a7d5db20350bc50ff9aec22d47c5f02.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кәсіпкер
Түркістан облысында түйе сүтін өңдейтін зауыт ашылды
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Арыс қаласында ARUANA түйе сүтінің концентратын шығаратын зауыт іске қосылды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың айтуынша, кәсіпорынның бүкіл облыс үшін маңызы зор.
"Зауыт жаңа жұмыс орындарының ашылуына, Арыс қаласының дамуына ықпал етеді. Біз Арыс қаласына келіп, инвестиция салып жатқан азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетуге әрқашан дайынбыз", - деді Гүлжан Құрманбекова.
Кәсіпорынның мәліметінше, зауыт жылына 70 тоннадан астам түйе сүтінің құрғақ қоспасын өндіруге қауқарлы. Жобаның жалпы құны 250 миллион теңгені құрайды. Зауытта 15 адам жұмыс істейді.
Өнім ішкі нарықтан бөлек, жақын және алыс шетелдерге экспортталады. King Milk ЖШС директоры Ербол Әнуарбекұлының айтуынша, жаңа жұмыс орындарының құрылуымен қатар, зауыттың арқасында облыс отандық емдік өнімді шетелге экспорттау мүмкіндігіне ие болып отыр.
"Түйе сүті құрғақ күйінде ағзаға пайдалы, көп ауруға шипа болады", – дейді кәсіпкер.