https://sputnik.kz/20230320/turki-memleketteri-uyymynyn-baqylaushylary-saylauda-zan-buzushylyqtardy-anyqtagan-zhoq-33124571.html
Түркі мемлекеттері ұйымының бақылаушылары сайлауда заң бұзушылықтарды анықтаған жоқ
Түркі мемлекеттері ұйымының бақылаушылары сайлауда заң бұзушылықтарды анықтаған жоқ
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Түркі мемлекеттері ұйымының халықаралық бақылаушылар миссиясы сайлау күні 32 сайлау учаскесінде, ал сайлау алдындағы кезеңде... 20.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-20T11:59+0500
2023-03-20T11:59+0500
2023-03-20T11:59+0500
сайлау
бақылау
https://sputnik.kz/img/07e7/03/13/33113495_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_5c863e0e74d44b4efb40f855c2989b5a.jpg
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Түркі мемлекеттері ұйымының халықаралық бақылаушылар миссиясы сайлау күні 32 сайлау учаскесінде, ал сайлау алдындағы кезеңде елордадағы 438 сайлау учаскесінде болды, деп хабарлады миссия басшысы, ТМҰ Бас хатшысының орынбасары Сади Джафаров. Халықаралық бақылаушыларға қолдау көрсету орталығында өткен брифингте ол Түркі мемлекеттері ұйымының миссиясы әкімшілік сипаттағы заң бұзушылықтарды анықтамағанын айтты. Джафаров Қазақстан Орталық сайлау комиссиясымен өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтті. Оның айтуынша, ОСК басшысы Нұрлан Әбдіров миссияға сайлау заңнамасы мен дауыс беру тәртібінің қалай өзгергені туралы толық ақпарат берді. Джафаров халықаралық бақылаушылар мен мүмкіндігі шектеулі адамдардың дауыс беруі, үйден дауыс беруі үшін баспасөзде сайлау науқанын кеңінен жариялау заңға сәйкес қамтамасыз етілген деп санайды. "Түркі мемлекеттері ұйымының миссиясы сайлаудың Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына және халықаралық стандарттарға сәйкес ашық, бәсекелестік жағдайында өткенін мәлімдейді. Біз Қазақстанды және Қазақстан халқын сайлаудың сәтті өтуімен тағы да құттықтаймыз және біз сайлау нәтижелері Қазақстанның одан әрі дамуы мен өркендеуіне септігін тигізетініне сенеміз", - деді спикер. Қазақстандағы кезектен тыс сайлауда дауыс беру кеше өтті. Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша, сайлаушылардың 54,19%-і дауыс берді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/13/33113495_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_c3f93686ae9351fdf1ee7aecd2f87872.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сайлау, бақылау
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Түркі мемлекеттері ұйымының халықаралық бақылаушылар миссиясы сайлау күні 32 сайлау учаскесінде, ал сайлау алдындағы кезеңде елордадағы 438 сайлау учаскесінде болды, деп хабарлады миссия басшысы, ТМҰ Бас хатшысының орынбасары Сади Джафаров.
Халықаралық бақылаушыларға қолдау көрсету орталығында өткен брифингте ол Түркі мемлекеттері ұйымының миссиясы әкімшілік сипаттағы заң бұзушылықтарды анықтамағанын айтты.
Джафаров Қазақстан Орталық сайлау комиссиясымен өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтті. Оның айтуынша, ОСК басшысы Нұрлан Әбдіров миссияға сайлау заңнамасы мен дауыс беру тәртібінің қалай өзгергені туралы толық ақпарат берді. Джафаров халықаралық бақылаушылар мен мүмкіндігі шектеулі адамдардың дауыс беруі, үйден дауыс беруі үшін баспасөзде сайлау науқанын кеңінен жариялау заңға сәйкес қамтамасыз етілген деп санайды.
"Түркі мемлекеттері ұйымының миссиясы сайлаудың Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына және халықаралық стандарттарға сәйкес ашық, бәсекелестік жағдайында өткенін мәлімдейді. Біз Қазақстанды және Қазақстан халқын сайлаудың сәтті өтуімен тағы да құттықтаймыз және біз сайлау нәтижелері Қазақстанның одан әрі дамуы мен өркендеуіне септігін тигізетініне сенеміз", - деді спикер.
Қазақстандағы кезектен тыс сайлауда дауыс беру кеше өтті. Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша, сайлаушылардың 54,19%-і дауыс берді.